2019 жыл Жастар жылы деп белгіленді.

28.11.2019

Елбасы жастар саясатын дамыту мемлекеттік аппарат қызметінің бір бағыты болуы тиіс екендігін атап өтті. Осылайша, Өскеменде ШҚО жастар мәслихатының 4 отырысы өткізілді.  

Отырыс барысында жастар мәслихаты келесідей сұрақтарды қарастырды:

1. «Шығыс Қазақстан облысы жастар мәслихатының қызметі туралы». Ағымдағы жағдайға талдау жасау. Атқарылған жұмыс бойынша есеп беру. Жастар мәслихатының облыс қалалары мен аудандарындағы жұмысы. Келелі мәселелер. Жастар мәслихатының даму келешегі. Облыс қалалары мен аудандарында жастармен жұмыс істеудің әдістері мен формалары»;

2. «Жастар мәслихаты депутаттарының Қазақстандағы Жастар жылы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысуы. Ұсыныстар әзірлеу және жастар мәслихатының имидждік жобаларын талқылау»;

3. «Жастардың көкейтесті мәселелерін шешу бойынша тиімді шараларды қабылдау. Жастар мәслихаты депутаттарының қатысуымен оңтайлы шешімін тапқан мәселелердің үлгілері. Қала және аудан мәслихаттарымен өзара әрекеттесу»;

4. «Волонтерлар жылын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы жастар мәслихатының 2020 жылға арналған облыстық жұмыс жоспарын құру».

Сонымен қатар, отырыстар барысында жастар мәслихатының алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

ШҚО жастар мәслихаты 2017 жылдан бері қызмет етуде. Оның басты мақсаты жастарды топтастыра білетін қауқарлы әрі беделді саяси ұйым құру болып табылады.

Похожее