2019 жылдың 15-16 қараша күндері Өскеменде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметінің Шығыс аймағы бойынша (Шығыс Қазақстан, Алматы, Павлодар ?

21.11.2019

Турнирдің ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Карл Әмірғалиев турнирге қатысушаларды құттықтап және тартысты жеңіс тіледі, турнирдің басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстану, қызметкерлерді жаппай бұқаралық спортқа тарту, ұжымдарды біріктіру екенін атап өтті.

Сонымен бірге спартакиадаға қатысушыларды Қаржы полициясы оргндарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Мерекенов құттықтап, спорттық шаралардың қызметкерлердің денсаулағын нығайтып, белсенділітерін арттыратындықтарын, бұның өз кезегінде кәсіби қызметке оң әсерін тигізетінін айтып кетті.

Турнирдің нәтижесі бойынша шағын футболдан облысы ШҚО бойынша ЭТД командасы 1 орынға, Алматы облысы бойынша ЭТД командасы 2 орынға, Павлодар облысы бойынша ЭТД командасы 3 орынға ие болды.

Сонымен қатар тамаша ойын көрсеткен келесі қызметкерлер үздіктер қатарынан көрінді. «Үздік қақпашы» - Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Бертисов Жанел, «Үздік шабуылдаушы» - Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Ринат Жұмаділов, «Үздік қорғаушы» - Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Асқаров Азамат, «Пайдалы ойыншы» атағына Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері Ахметов Дәурен ие болды.

Шахматтан өткен сайыстан ШҚО бойынша ЭТД 1 орын, Павлодар облысы бойынша ЭТД 2 орын, Қарағанды облысы бойынша ЭТД 3 орын иеленді.

Шахматтан «Әдемі ойын» номинациясы ерлер арасында – Павлодар облысы бойынша ЭТД қызметкері –Қиналбеков Жоламанға, әйелдер арасында Қарағанды облысы бойынша ЭТД маманы Смағұлова Розаға берілді.

Жеңімпаздар мен жүлделі орынға ие болғандар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Турнирге қатысушылар мен көрермендер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшылығына алғыстарын білдіріп, турнирдің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілсе деген ықыластарын білдірді.

Енді командалар айдың соңында спартакиаданың екінші кезеңінде Қарағанды қаласында өтетін волейбол мен үстел теннисінен өтетін жарыста кездеседі

Похожее