Катон-Қарағай ауданында оқушыларды кадет қатарына қабылдау шарасы өткізілді

11.12.2018

Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің басшысы Ерлан Сейілханов Үлкен Нарын орта мектебінің кадетшілерінен ант қабылдады. Жасөспірімдер полиция полковнигін көріп, оған саптық түзеуді, оқу автоматтарын меңгеру деңгейін көрсетті.

- Оқушыларды кадеттерге қабылдау - ант қабылдау маңызды кезең болып табылатын негізгі тәрбиелік іс-шаралардың бірі, - дейді Ерлан Сейілханов.

Ата-аналардың, достардың және полицейлердің қатысуымен кадет сынып оқушыларының әрқайсысы Отанға мінсіз қызмет ету сөзін мақтанышпен айтты. Ағымдағы оқу жылының басынан бері қаруларды қолдана отырып, нақты сапқа тұру және балалардың дайындық деңгейін көрсетті.

Салтанатты іс-шара барысында құқық қорғау қызметкері балаларды ант қабылдаумен құттықтап, оларға еліміздің лайықты азаматтары болуға тілек білдірді. Үлкен Нарын орта мектебінің әкімшілігіне өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне ерекше көңіл бөлгені үшін жеке алғыс айтылды.

Полицейлер кездесу соңында оқушыларға кадет куәліктері мен естелік сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті.

Похожее