Мерзімінен бұрын – шартты түрде босатылды

18.01.2019

ШҚО Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында сотталған А. мен Р.-ға қатысты жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату туралы өтінім материалдары қаралды.

Өтінім материалдарынан анықталғандай А.мен Р. Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының үкімімен 2018 жылдың 06 наурызында адамдар тоьының алдын ала сөз байласуы бойынша ұрлық жасағаны үшін ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1) тармағымен 2 жылға және 1 жыл 10 айға тиісінше бас бостандығын шектеу жазасына сотталған, бүгінгі күні жазаның үштен бірінен көбі өтелген, жазаны өтеу тәртібі мен шарттары бұзылмаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, қылмыспен келтірілген зиянның орны ішінара толды, азаматтық талап арыз келтірілмеген, мекен жайы мен жұмыс орны жағынан  жақсы мінезделеді, пробация қызметінің пікірі бойынша сотталғандар түзелу жолына тұрған. Бұндай жағайда ҚК-нің 72-бабының 3-бөлігінің 1)-тармақшасы негізінде А. мен Р. жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуға жатады.   

Сот қаулысымен А. мен Р. өтелмеген мерзімге бас бостандығын шектеу жазасынан мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Похожее