Мәжіліс депутаттары Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бағамдап қайтты

11.02.2019

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданындағы Саратов ауылында Мәжіліс депутаттары ат басын тіреп, ауыл тұрғындарымен кездесті. Айта кету керек, халық қалаулылары он күн бойы өңірдің 8 ауданы мен Өскемен, Семей және Риддер қалаларында болды.

Мәжілісмендердің Шығыс Қазақстанға сапары қаңтардың 31 күні басталды. «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Нұртай Сәбилянов, Аманжан Жамалов, Иван Клименко, Михаил Чирков, Мұрат Теміржанов және Сергей Звольский Аягөз, Үржар, Катон-Қарағай, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Көкпекті аудандары мен Семей, Риддер және Өскемен қалаларын аралап, тұрғындарымен кездесті.   

Саратов елді-мекенінде өткен кездесуге жүзден аса адам жиналды. Сайлаушылар жер жерде ауыл шаруашылығын, агроөндіріс кешенін дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, сонымен қатар денсаулық сақтау саласына қатысты толғандырған сұрақтарын жолдады. Мәселен, ауыл ақсақалдары кеңесінің төрағасы зейнетақының өсуіне қолдау көрсеткен Елбасына алғысын жолдай отырып, ауылды жерлердегі еңбекақының елдегі орта есепке сай еместігін, сондықтан статистиканы деңгейлеп жүргізуді ұсынды. Себебі, ауылда еңбек ететін жастар қалған жоқ деп жеткізді ақсақал.

– Кездесу барысында тұрғындар маңызды мәселелерді көтерді. Расымен, жоғары білім, орта кәсіптік білім беруге қатысты сұрақтар өзекті. Қазіргі таңда шаруашылықта еңбек ететін мамандар жоқтың қасы. Егістікте еңбек ететін, комбайн мен трактор жүргізетін нағыз мамандар өте аз. Осы ретте, өзіммен бірге Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін азаматтарының атынан оннан аса ұсыныс пен өтініш хаттарын әкетіп барамын. Олар әр бағытта, әр мәселеге қатысты, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов.      

Депутаттар өңірдің өндірістің әлеуеті пен денсаулық сақтау және білім саласындағы жоғары жетістіктерін ерекше атап өтті. Аманжан Жамаловтың айтуынша, Шығыс Қазақстан Роботтандырылған хирургия орталығын аша, болашаққа үлкен серпін жасап отырған бірден бір аймақ.    

Мен «Ана мен бала» орталығын көріп таң қалдым. Мұндай жоғары дәрежедегі емдеу мекемелері тек Астанада бар деп ойлағанмын. Айта кетейін, бұл орталық әлемде бар соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ, облыс орталығында ТМД елдері ішіндегі кез-келген қиындықтағы ота жасауға қабілетті робот тұр, – деп, атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов. 

 Айта кетейік, бұл күні мәжіліс депутаты Нұртай Сәбилянов Абай ауданы халқымен кездесіп, бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралауда. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының конференциясына қатысты.  

Похожее

В ВКО проверят трудовые договора сотрудников иностранных компаний
В ВКО проверят трудовые договора сотрудников иностранных компаний

18.07.2019 09:24

По поручению акима Восточно-Казахстанской области...

ШҚО-да шетелдік компания қызметкерлерінің еңбек келісім-шарттарын тексереді
ШҚО-да шетелдік компания қызметкерлерінің еңбек келісім-шарттарын тексереді

18.07.2019 09:22

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына...

Реализация принципов меритократии!
Реализация принципов меритократии!

18.07.2019 09:19

В Восточно-Казахстанской области согласно...

Меритократия қағидаттарын іске асыру!
Меритократия қағидаттарын іске асыру!

18.07.2019 09:18

Шығыс Қазақстан облысында статистикаға сәйкес...

Әскери қызметшілер парасаттылықты қолдайды.
Әскери қызметшілер парасаттылықты қолдайды.

18.07.2019 09:15

Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардиясының 6699...

Жители ВКО могут оставить предложения по улучшению работы участковых
Жители ВКО могут оставить предложения по улучшению работы участковых

16.07.2019 21:05

Участковые инспектора полиции ежедневно тесно...