Мәжіліске үміткер «Nur Otan» партиясының кандидаттары Жарма ауданы халқымен кездесті

03.01.2021

Бүгінде еліміздегі Парламент Мәжілісі мен жергілікті Мәслихат сайлауына қатысты үгіт-насихат жұмысы қызып тұр. Саяси науқанған тас-түйін дайындықпен кіріскен «Nur Otan» партиясының үміткер-кандидаттары ел аралап, халықпен кездесіп, саяси ұйымның сайлауалды бағадарламасын жұртышылыққа таныстырып, ой бөлісуде.

Күні кеше ғана Жарма ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Ирина Унжакова мен Жанат Омарбекова арнайы келіп, халықпен кездесіп, саяси ұйымның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Елордадан ат терлетіп арнайы келген үміткерлер аудандағы әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті. Бұдан кейін олар «Nur Otan» партиясының Жарма аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдады.

 

Жуықта ғана мұқтаж отбасыларына пайдалануға берілген аудан орталығындағы тұрғын-үй нысандарын аралап, баспаналы болған жандармен жүздесті.

Кездесу барысында үміткерлер жиналғандарды ел Парламентінің төменгі палатасындағы заң шығару қызметі, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мен оның парламенттік фракциясының өткен кезеңдегі жұмысы туралы хабардар етті. Әрине, спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынып, оның негізгі тезистерін жан-жақты түсіндіргенін айта кетуіміз керек.

 

Кездесулер барысында  үміткерлерге ауыл тұрғындары негізінен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтарын жолдап, ойларын ортаға салды.

 

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Похожее