Полицейлер қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтарға құжаттарды ресімдеуге көмектесуде.

30.03.2019

Көші-қон қызметінің қызметкерлері 90 жастағы егде адамға жаңа жеке куәлікті ресімдеуге көмектесті.

Өскемен қаласының тұрғыны, тыл ардагері Савельева Анна Анатольевна Өскемен қ. Полиция басқармасына жаңа үлгідегі Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін ресімдеп беруді сұрап өтінішімен жүгінді. Ол өзінің денсаулық жағдайына байланысты, халыққа қызмет көрсету орталығына келе алмайтынын хабарлаған.

Өскемен қ. Полиция басқармасы көші-қон қызметі құжаттандыру бөлімінің қызметкерлері, Анна Анатольевнаның үйіне барып, куәлікті алу үшін қажетті құжаттарды толтырды.

Жыл басынан көші-қон қызметкерлерімен өз еркімен қозғалу қабілетінен айырылған және өз-өзіне қызмет көрсету қабілетінен айырылған 55 азаматқа тұрғылықты мекенжайына шыға отырып, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтар «1414» байланыс орталығына хабарласып, мемлекеттік қызметті алу үшін мамандардың көмегіне жүгінуіне болады.

Жалпы алғанда, ішкі істер органдарымен 40-тан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олардың басым бөлігі - 18-і халықтың көші-қонына байланысты.

Похожее