Рухани жаңғыру: ШҚО-да «Семей таңы» газетінде латын әліпбиіндегі мақала жарық көрді

20.09.2017

«SEMEJ TANGY» GAZETI UESHIN LATYN AELIPBIІ ZHAT EMES» мақала жарық көрді.

ШҚО-да «Семей таңы» газетінде латын әліпбиіндегі « SEMEJ TANGY» GAZETI UESHIN  LATYN AELIPBIІ ZHAT EMES» атты мақала шықты, деп хабарлайды 16news.kz ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Газет редакциясы мәлімдегендей, латын әліпбиінде мақала жазу аса қиындық тудырмаған. Айта кетсек, аталмыш басылым өткен ғасырдың «Сарыарқа», «Қазақ тілі» атауымен төте жазумен, кейін «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» атауларымен шыққан уақытта мақалалар латын графикасымен жарияланып тұрған. Осылайша, ғасырлық тарихы бар «Семей таңы» газетінің болашағы өзнінің тарихи бастамасымен ұштасып отыр.

«Латын әліпбиіне көшу туралы Елбасының ұсынысын қолдай отырып, «SEMEJ TANGY» GAZETI UESHIN  LATYN AELIPBIІ ZHAT EMES» атты мақаланы жариялауды жөн көрдік. Қазақстандағы тұңғыш қазақ тілді басылым – кешегі «Сарыарқа» бүгінгі «Семей таңы» газеті үшін бұл бастама жат емес», – деді мақала авторы, ШҚО мәслихатының депутаты Риза Молдашева.

Айта кетсек, қазақ даласындағы басылымдар 1928 жылдың тамызына дейін араб графикасымен шығып отырды. Кейін латын әліпбиі еңгізіліп, мақалалар жаңа графика бойынша жарияланды. Ал 1940 жылы кириллицаға көшу туралы шешім қабылданды. 

Похожее