ШҚО-да «Мен батырдың ұрпағымын!» атты интернет-челлендж бастау алды

26.04.2020

Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» өңірлік орталығы «Мен батырдың ұрпағымын!» атты интернет-челленджді бастады. Челендж 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтеді.
Интернет-челлендж «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларын,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай ұйымдастырылады.
Біз сіздерді аталмыш челленджге қатысуға шақырамыз. Ол үшін Instagram, Facebook, YouTube-тағы  «Рухани жаңғыру - Шығыс Қазақстан» топтарына тіркеліп, отбасылық мұрағаттан соғысқа қатысқан туған-туыстарыңыздың (жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің) суреттерін тауып, желіге жүктеу қажет. Сондай-ақ жүктелген суреттің тарихы туралы қысқаша ақпарат жазу керек. Челленджге қатысушылар бұл ақпаратты тьюбинг ретінде де ұсыныла алады. Айта кетейік, тьюбинг – видеоблогтың жаңа түрі.
Челленджді дос-жарандарыңызға эстафета ретінде ұсынуға болады.
Біз бұл челленджге жастармен қатар аға буын өкілдері де қатысады деп сенеміз. Өйткені Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының зардаптарын тартқан адам кемде-кем.

Похожее