ШҚО-да карантиндегі шектеу шараларын сақтамаудың салдары қиын жағдайға әкеп соқты

27.04.2020

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан Абай ауданының тұрғыны ас берген.

Белгілі болғандай, асқа келген қонақтардың ішінде коронавирустық инфекцияға шалдыққан жергілікті тұрғын болған.

Қазіргі сәтте асқа келген 30 тұрғын үй каратинінде отыр. Ауданда эпидемиологияның алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. КВИ анықталған азаматтың үйі қоршауға алынып, онда дезинфекция жасалды.

Асты ұйымдастырған Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылының 42 жастағы тұрғыны ҚР әкімшілік кодексінің 476 бабына сәйкес жауапкершілкке тартылды. Сот шешімімен ол 10 АЕК ккөлемінде айыппұл төлейді.

ШҚО полиция департаменті өңір тұрғындарын карантин кезіндегі шектеу шараларын сақтап, түсіністік танытуға шақырды.  Түптеп келгенде, мұның бәрі инфекцияның алдын алу мақсатында жасалып жатқанын атап өткен орынды.

Бұқаралық шараларға қатыспау керек. Әсіресе, отбасылық шаралар мен әдет-ғұрыптан әзірше бас тарту қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен сақтаңыз.

Похожее