ШҚО-да нұротандықтар облыстық партия филиалының қорытындысын шығарды

02.11.2018

Бүгін Өскеменде «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалының ХХІ есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Екі жылда атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға арналған шараға «Нұр Отан» хатшысы Фархад Қуанғанов, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, сонымен қатар барлық аумақтық деңгейдегі төрағалар қатысты.

Конференцияны аймақтық филиал төрағасы-облыс әкімі Даниал Ахметов ашып, 2017-2018 жылдар аралығында Саяси кеңес атқарған жұмыстың нәтижесін баяндады. Шығыс Қазақстан басшысы атап өткендей, облыстық филиал өз қызметін «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырды. Есептік кезеңде өңірдегі нұротандықтар қатары 2 мыңға артып, 79134 адамды құрады. бұл халықтың экономикалық тұрғыда белсенді бөлігінің 11%. Бастауыш партия ұйымдарының саны 322-дан 330-ға артты. 

Даниал Ахметов есеп беретін мерзім Елбасының жаңа Жолдауымен тұспа-тұс келгенін атап ерекше атап өтті. Бұл ретте, айта кету керек, облыста Жолдаудың басты 6 бағыты бойынша нақты жоспар бекітілген, ал өңір халқы оны іске асыруға білек сыбана кірісіп те кетті.  

Шығыс Қазақстан үшін халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды салалардың бірі – денсаулық сақтау. Оның аясында біз медициналық қызметкерлер біліктілігін халықаралық деңгейге жеткізу үшін көтеріп, оқытып жатырмыз. Бұдан бөлек, клиникаларды жабдықтау, саланы цифрландыру жұмысы бар. Бір жылдан кейін біздің өңір ауруханалары орта әлемдік стандартқа сай келетін жабдықтармен қамтылады. 2019 жылдан бастап медперсоналды оқытуға бағытталатын қаражат көлемі екі есеге өседі. Басты тұсы – бірегей медициналық орталықтардың ашылуы. Мәселен, ШҚО-да қазіргі таңда робот хирургиясы мен трансплантология орталығы жұмыс істейді. Жақын арада Қазақстандағы тұңғыш гематология орталығы ашылмақ, сонымен қатар Семейде гибридті операция жасау бөлімі іске қосылады, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Айта кету керек, партия хатшысы Фархад Қуанғанов сапар барысында елдегі жалғыз робот хирургиясы және трансплантология орталығына арнайы барып, қызметін бағалады. Бұдан бөлек, Ана мен бала, Коворкинг, ІТ орталықтарында болып, балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарды аралады.   

 – Сандар атқарылған істі айтпаса да аңғартып тұр. Республикада құрылған 700-ге жуық ІТ-сыныптың 270-тен астамы Шығыс Қазақстанда. Бүгін Даниал Ахметов жарты жылдан кейін облыстағы барлық мектепте, яғни, 655 білім шаңырағында ІТ-сынып ашылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Өскеменде елдегі ең мықты коворкинг-орталық барын айтқым келеді. Бүгін арнайы барып, танысып қайттым, - деді Фархад Қуанғанов

 

Жалпы партия жұмысы 20 жоба аясында атқарылады. Мысалы, «Ағылшын тіліне оқыту» жобасы бойынша маусымнан бастап 4500 баланы қамтыған 20 балалар лагері іске қосылды. Ал ауылды жерлерде тегін ағылшын тілін оқытатын 16 клуб жұмыс істеп жатыр.  

2016 жылдан бастап облыста үштілділік білім беруге бағытталған өңірдің ең ірі жобасы жұмысын бастады. Бұл мақсатқа екі жыл көлемінде жергілікті бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінді. Тілдік пәндерді оқыту әдістері өзгертіліп, барлық мектептерге 450 мың жаңа оқулықтар алынды. 5800 мұғалім оқытылды. Биыл ағылшын тілін 200 пән оқытушысы игеріп жатыр. 1-қыркүйектен бастап жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер өңірдің 71 мектебінде ағылшын тілінде оқытылады, - деп, атап өтті аймақ басшысы.    

Сонымен қатар, қыркүйектің 20-сынан бастап, «English for Jastar» партиялық жастар жобасы бастау алды. Оның аясында өңірдегі Аягөз және Зайсан аудандарында ағылшын тілі қолданушылары, ал Үржар, Катон-Қарағай, Зырян және Бородулиха аудандарында жергілікті еріктілер ағылшын тілін тегін оқытуда.  

Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Нұр Отан» халықтың партиясы, сондықтан бұқараны толғандырған мәселе назардан еш тыс қалмайды. Міндетті орындаудағы басты құрал қоғамдық қабылдаулар мен төрағалардың, мемлекеттік орган басшылары және депутаттар өткізетін жеке қабылдау болып отыр. Мәселен, екі жылда облыста 5000 аса қабылдау өткізілген, оған 10000 артық адам қатысқан. Оң шешімін тапқан мәселелер үлесі 2017 жылы – 37%, ал осы жылдың он айында 42% құрап отыр. 

- Шығыс Қазақстан облыстық партия филиалы сөзсіз, бірқатар партия жобаларын, Ел Президентінің өз Жолдауында және Бес әлеуметтік бастамасында айтылған міндеттерді орындауда көш бастап отыр. Жаңа жүктелген міндет-мүдделер де мүлтіксіз орындалып, жарқын нәтиже табады деген сенімдеміз, - деп қорытындылады сұхбатын «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов.

Конференция соңында хатшы салтанатты түрде жастарға партия билеттерін табыс етті. Сондай-ақ, «Үздік БПҰ-2018» байқауының облыстық кезең жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. 

Похожее