ШҚО-дағы «Аяулы жас келін» байқауында ең үздік келінді таңдады

17.05.2019

Шығыс өңірінде жас аналар арасында ерекше конкурс өтті. Аймақтағы қалалар мен аудандардан келген 17 қатысушы «үздік келін» аталмынына кімнің лайық екендігін дәлеледеді.

Бұрымдылар арасындағы мұндай конкурс өңірде бірінші рет өткізіліп тұрған жоқ. Биыл дәстүрлі сайыс Жарма ауданының Қалбатау ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырлыған-ды. Басты мақсаты жастар санасына отбасылық құндылықты сіңіріп, ересектер тәжірибесін жас буынға жеткізу. Шараның өтуіне ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурсы орталығы» КММ-нің ұйытқы болғанын айта кеткен жөн.

Келіндер арасындағы бәсеке екі кезеңнен тұрды. Алғашқы «Ас – адамның арқауы» бөлігінде қатысушылар аспаздық шеберліктерін паш етіп, қазыларға ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Ал келесі кезең шығармашылық жағына бағытталды. Мұнда байқауға түскендер жасырын таланттарын көрсету арқылы, қазылар мен көрермендерді таң қалдырулары керек болды.

«Аяулы жас келін» сайысында жеңіске жету үшін қатысушылар қабілеттері мен өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт-дәстүрлерден хабардар екендіктерін көрсетулері тиіс еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш конкурстың басты мақсаты – қазақ халқының ұмыт бола бастаған әдет-ғұрпын қалыпқа келтіріп, оларды барынша есте сақтауға шақыру.

Сонымен, жүлдегерлер үштігі келесідей анықталды: үшінші орынға Жарма ауданының өкілі Гүлмира Жусанбаева ие болды. Оған кір жуатын мәшине табыс етілді. Жүлделі екінші орын Абай ауданының келген Мақпал Ебінге бұйырып, газ плитаға қол жеткізсе, «Аяулы жас келін» аталымына семейлік Айдана Бауыржанова лайық шықты. Бұл қатысушыға теледидар табысталды. Ерекше жарыстың өзге қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары ретінде әмбебап әзірлегіштер сыйға берілді.

Похожее