ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.08.2017

Бұл қызметке осыған деін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақты-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған Шалқар Байбеков тағайындалды.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды 16news.kz сайты ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Бұл қызметке осыған деін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақты-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарған Шалқар Байбеков тағайындалды.

Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда бұрыңғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясының «Экономика» мамандығыны ие болып, 2001 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясының «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы мемлекеттік сақтандыру инспекциясының Жаңасемей ауданы аға инспекторы лауазымынан бастаған.

1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылдан бастап Павлодар, кейін Астана, Қарағанды Салық комитеттерінің төрағасы болады.

2008-2014 жылдар аралығында Астана қаласы Салық Департаментінің Есіл ауданы бойынша салық басқармасы басшысы қызметін атқарады.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жаңа орынбасарын таныстыра отырып, Шалқар Байбеков аграрлық секторды дамытудағы маңызды сұрақтарды шешуде өз тәжірибесін тиімді пайдаланады деген сенімін білдірді.

Фото:Bobr.by

Похожее