ШҚО прокуроры Марқакөл ауылында ведомствоаралық кеңес отырысын өткізді

09.09.2019

Күршім ауданының Марқакөл ауылында Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасы шеңберінде ведомствоаралық көшпелі кеңес отырысы өтті.

Кеңестің отырысына полиция Департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев, облыс әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері, сондай-ақ, табиғи ресурстар, облыстық жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясының, жерлерді қорғау және пайдалану басқармаларының басшылары, №2535 әскери бөлімінің командирі және басқа да жауапты тұлғалар қатысты.

 

Кеңесті аша отырып, облыс прокуроры Президент өз Жолдауында Марқакөлдегі браконьерлік мәселесін баса атап өткеніне назар аударды. Қ.Игембаев Марқакөл көлінде балықты заңсыз аулау фактілері бойынша полиция Департаменті қозғаған қылмыстық істердің тергеуін жеке бақылауға алғанын хабарлады. «Жасалған қылмыстардың себептері мен жағдайларын толық және объективті зерделеп, оны жою үшін барлық шаралар қабылданады», - деп атап өтті қадағалау органының басшысы.

 

Марқакөл табиғи қорығының аумағында заңдылықты қорғау, браконьерлікке қарсы әрекет ету, сондай-ақ, жағалауда орналасқан ауылдардың тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері кеңес отырысында қаралуына негіз болды.

 

Соңғы уақытта браконьерлік ауқымды сипатқа ие болғаны атап өтілді. Бұған ыждахатсыз адамдардың тарапынан табиғат ресурстарына деген жабайы көзқарастары мен қорық аумағының табиғи қалпын сақтауы тиіс мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмысы ықпал етті.

 

Қорықтың қызметіне жүргізілген талдау оның жұмысы жеткіліксіз екенін көрсетті. Қорықтың инспекторлары тек кәсіпқой-спорттық балық аулау Ережелерінің бұзушылықтарымен байланысты елеусіз ғана фактілерді анықтайды. Ал, олар браконьерлік балық аулау көлемінің азаюына әсерін тигізбейді. Рейдтік шараларды жүргізуі және құқық бұзушылықтарды, оның ішінде, балықты заңсыз аулаумен байланысты қылмыстарын анықтау саны азайған.

 

Сонымен қатар, кеңес отырысының барысында азаматтардың жағалаудағы ауылдарда балық аулауға рұқсат алу үшін уақытша тіркелу фактілерімен байланысты өзекті мәселелер, сондай-ақ, қорықтың қорғау аумағында орналасқан шаруа қожалықтарының қызметі бөлігінде жер заңнамасының мәселелері де көтерілді. Балықты заңсыз аулауға жауаптылықты күшейту бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі де талқыланды. Атап айтқанда, көлді мекендейтін ленок (ускуч) балығын жоғалып бара жатқан балықтар санатына енгізу мәселесі де қарастырылды, бұл тек браконьерлердің ғана емес, сондай-ақ, оны сатып алушылар мен сатушыларды да қылмыстық жауаптылыққа тартуға мүмкіндік береді.

 

Полиция Департаментінің бастығы жергілікті тұрғындардың тіркелу мәселелерін нақты зерделеу туралы ұсынысты қолдады, аудандық полиция бастығына тиісті тапсырмалар берілді. Облыс әкімінің орынбасары жер мәселесін бақылауға алды.

 

Өз кезегінде, қорықтың қызметкерлері материалдық-техникалық қамтылуы мен кадрлардың жетіспеуі, жергілікті тұрғындардың тұрақтамай, басқа елді мекендерге қоныс аудару мәселелерін де көтерді.

 

Жауапты құрылымдық басшыларының браконьерлікке қарсы әрекет ету саласында жүргізілген есептерін тыңдап, облыс прокуроры мен полиция Департаментінің бастығы дереу шараларды қабылдау бойынша бірқатар тапсырмаларды берді. Экология мәселелерінің жалпы үйлестіруі табиғат қорғау прокурорына жүктелді, оған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар жасап, осы салада заңдылықты қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Қорық директорына инспекторлардың қызметіне бақылауды күшейту және қорықта тәртіп орнату бойынша нақты шараларды қабылдау ұсынылды. «Қорықты, оның аумағын, орман және балық ресурстарын қорғау Сіздің тікелей міндетіңіз. Кез келген бұзушылықтарға дереу және қатаң ықпал етіңіздер. Қорықтың аумағында тек кәсіпқой балық аулау рұқсат етілген, заңмен белгіленген тәртіп бар, оны қатаң сақтау қажет», - деп атап өтті облыс прокуроры. Құқық қорғау органдарына, әсіресе, балықтың уылдырық шашу мерзімінде осындай бұзушылықтарды анықтап, олардың сапалы тергеуін қамтамасыз ету тапсырылды.

 

Кеңес отырысының қорытындылары бойынша барлық мүдделі органдардың өкілдерінің қатысуымен бірлескен Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобы әрбір проблемалық мәселелерді нақты шешуімен айналысатын болады. Бақылау тәртібінде аталмыш мәселеге оралып, осы жылдың соңында топ жұмысының қорытындылары тыңдалады.

 

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында қалыптасқан ахуал мен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар, экология және геология Министріне хат дайындалатын болады.

 

Көшпелі кеңес отырысынан басқа, облыс прокуроры мен полиция Департаментінің басшысы аудан тұрғындарын қабылдап, бірнеше арыздың қаралуы бақылауға алынды.

Похожее

В Восточном Казахстане завершился 1 этап месячника пожарной безопасности.
В Восточном Казахстане завершился 1 этап месячника пожарной безопасности.

18.09.2019 11:14

В рамках данного мероприятия пожарные...

В Семее в здании больницы обокрали медсестру
В Семее в здании больницы обокрали медсестру

18.09.2019 11:09

В Ауезовский отдел полиции г. Семей обратилась 23...

В Семее 40-летний «вор-сладкоешка» украл у 79-летней пенсионерки 3 банки варенья.
В Семее 40-летний «вор-сладкоешка» украл у 79-летней пенсионерки 3 банки варенья.

18.09.2019 11:09

40-летний мужчина, с легкостью проникнув во двор...

Онлайн-мошенник в Семее
Онлайн-мошенник в Семее

18.09.2019 11:08

13 сентября в полицию г. Семей с заявлением...