Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының 2018 жылғы жұмысының қорытындысы туралы

30.01.2019

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында 2018 жылы атқарған жұмысының қорытындысын шығарған және алдағы кезеңге арналған міндеттерін белгіленген кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді.

Органның 2018 жылғы қызметінің қадағалаудың барлық саласындағы заңдылықтың қамтамасыз етілуіне бағытталғаны атап өтілді. 

Нәтижесінде  1,5 млн. азаматтың құқықтары қорғалды, іс-қимыл шарасы шеңберінде мемлекеттің кірісіне 1,2 млрд. теңге өндірілді, 251 млн. теңге көлемінде еңбекақы қарызы қайтарылды. 
Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құны  3 млрд. теңге болатын 400 жер учаскесі қайтарылды. Қадағалаудың актілері бойынша  110 мың тұтынушы үшін Семей қаласында, Молодежное және Глубокое кенттерінде жылумен қамтамасыз ету бойынша қызметтің тарифтері төмендетілді. 
Мемлекеттік кірістер департаменті мен автотасымалдаушылар арасындағы 3,2 млрд. теңгенің салығын негізсіз салу дерегі бойынша біржарым жылға созылған дауды шешу бойынша шаралар қабылданды.    
Денсаулық сақтау саласында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық мекемелердің Стандарттың талаптарын сақтамайтындары анықталды, бұл қызметтің (анықтаманың) құнын жасанды көтеруге әкеліп соққан. Қадағалаудың актілері бойынша  №086 және №083 анықтамалардың құны 30%-ға төмендетілді, медициналық тексеру парақтары заңнамаға сәйкестендірілді. 
Еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында облыстың екі ірі кәсіпорындарында анықталған  1,6 мың бұзушылық жойылды. 
Прокуратураның бастамасымен облыстың 4 мың мүгедегі арнайы құралдармен қамтамасыз етілді. 
Тұрғындардың әлеуметтік әлсіз жіктерінің құқықтарына шек қоятын 6 нормативтік-құқықтық акті жойылды. 
IT-технологияларды қолданумен келісім-шарттағы аумақтан тысқары жерлерде жер қойнауын пайдалану деректері анықталды.          
Құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру қылмыспен күрестің дәл ме дәл мәселелері бойынша қолданыстағы ведомствоаралық жұмыс топтары арқылы жүзеге асырылады. 
Мақсаты – бұзушылықтарды азайту және жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасын арттыру.     
Нәтижесінде соңғы екі жыл бойы қылмыстың барлық санаты бойынша тіркеудің төмендеуіне қол жеткізілді. 
Мысалы, бірлескен белсенді жұмыстың нәтижесінде дәрі-дәрмектік нашақорлықтың жолын кесудің сәті түсті. Тұңғыш рет сотпен құрамында есірткісі бар дәрі-дәрмекті саудалаған дәріханалардың бірінің қызметі тоқтатылды. 
Электронды форматта 1178 іс тергелді. Қылмыстық қудалау органдары қажетті құрал-жадбықтармен жарақтануы 1% бастап 74,5% дейін өсті. Процестік басшылық   элементтерін енгізу бойынша шаралар қабылдануда, прокурорлармен  62 жаңа айыптау актілері жасалды. Олардың барлығы бойынша соттар саралауды өзгертпей қарады. 
Қылмыстық-сот қадағалау бағыты бойынша облыста ел бойынша ең көп іс қаралған (3989), соның ішінде үкім шығарумен (2176).
Атқару өндірісі бағыты бойынша алименттен қарызы бар 528 тұлға жұмыссыздар ретінде есепке қойылды, олардың 166 жұмысқа орналастырылды. Жылдың қорытындысы бойынша 3,5 баланың пайдасына 139 млн. теңгенің қарыз өндірілді. 
Азаматтардың тарапынан сенім деңгейі ретіндегі сияқты жұмысының да тиімділігі бағаланатын прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі өтініштерді сапалы және уақытында қарау болып табылады. Өткен жылы өздерінің құқықтарын қорғау үшін прокуратураға  16 мыңға жуық азамат мен заңды тұлғалар жүгінген, мәні бойынша 6 мыңнан астам өтініш шешілді. Шешілген әрбір үшінші өтініш қанағаттандырылды. 
Ағымдағы жылы қадағалаудың маңызды басымдылығы тұрғындар үшін құқық қорғау функциясын күшейту және қоғамның барлық институттарымен жұмысты жетілдіруде көрінетін болады. 

Похожее