Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалаларында «Жүректен жүреке-От сердца к сердцу» акциясы өтуде

12.02.2019

Атауының өзі айтып тұрған, қайырымдылық пен қамқорлыққа шақыратын «Жүректен жүреке-От сердца к сердцу» акциясы Шығыс Қазақстан облысында да кеңінен қолдау тауып, бүгінде жылсайынғы дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналды.

Облыстың барлық он тоғыз қалалары мен аудандарындағы  меценаттар мен кәсіпкерлер, қарапайым адамдардың өзі  тұрғындардың  әлеуметтік осал тобындағы адамдарға қолдан келген көмек қолын созуда. Үстіміздегі  жылы да мұндай іс-шаралар өз жалғасын тауып отыр. Мемлекеттік органдардың өкілдері еріктілермен бірге тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін  және қолданыстағы мемлекеттік қолдау мен  әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіруде.

Көпбалалы отбасылар мен мұқтаж жандарға  азық-түлік, киім-кешек, отын, тұрмыстық тауарлар мен мектеп керек –жарақтарын  алып беруге әрбір мүмкіндігі бар азамат үлес қосуға тырысуда. Акция аясында 9-10 ақпан күндері  1859 кәмелетке толмаған балалары бар 406 көпбалалы отбасы көмектермен қамтылды.  Мұндай жәрдемдерден аз қамтылған азаматтар, мүгедектер, жалғыз басты зейнеткерлер де шет қалған жоқ.

Облыс орталығы, Өскемен қаласында жастар тобы 11 көпбалалы отбасына қажетті азық-түліктер жеткізіп берді. Тарбағатай, Шемонаиха және Бородулиха аудандарында  мал сойылып, мұқтаж жандарға таратылды.  Катонқарағай ауданында  кәсіпкерлер  3 млн. теңгеге көпбалалы отбасы балаларына киім-кешек, мектепке қажетті заттар алуға жәрдемдесті. Осы ауданның «Арайлы Шығыс» сауықтыру  лагерінде жыл басынан бері  көпбалалы отбасынан 23 бала демалды, ал 2018 жылы мұнда 250 бала демалған болатын.

Акцияға Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің оқушылары да белсенді атсалысуда. Жастар көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер, мүгедектер мен жалғыз басты жандардың үйлерінің төбелері мен аулаларын тазалап, отын, көмір жеткізіп беруге көмектесуде.

Осы ретте, көпбалалы отбасы балаларына жәрдем көрсетуді  ниет еткен  әрбір азаматтың 31 мамырға дейін,  tylek. Кz  сайты арқылы олардың тілектерін орындап, акцияға үлес қоса алатындығын ескерте  кеткіміз келеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 23791 көпбалалы отбасына арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен  ай сайын  330 млн. теңге бағытталып отыр.

2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен  төрт және одан көп балалары бар аз қамтылған 2020 отбасына  444,2 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Жыл сайын 8 наурыз, Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында  облыстық бюджеттен көпбалалы аналарға 12625 теңге сомасында бірреттік төлемдер беріледі. Ағымдағы жылы мұндай төлемдерге 309,9 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

ШҚО әкімдігінің тапсырмасы бойынша, 12 ақпаннан 12 наурызға дейінгі аралықта,  облыстың барлық аудандарында  кеңауқымды «Саламатты Ана мен Бала  – Здоровое Материанство и Детство» айлық-акциясы бастау алады. Акция аясында төрт және одан көп балалары бар отбасылардың мүшелері өз тұрғылықты жерлері бойынша диспансерлік және алдын алу тексерулерінен өтіп, консультациялық көмектер ала алады. Бұл жұмыстарға психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер белсенді тартылмақ. Олар соңынан мемлекеттік органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданатын, адамдардың мұқтаждықтары жайындағы барлық  мәліметтерді  жинақтайтын болады. 

Похожее

Не попадайтесь на уловки мошенников!
Не попадайтесь на уловки мошенников!

18.04.2019 10:29

С начала 2019 года на территории...

За 2 недели назначения АСП нового формата в ВКО одобрены заявки по 534 семьям
За 2 недели назначения АСП нового формата в ВКО одобрены заявки по 534 семьям

18.04.2019 10:28

Аким области Даниал Ахметов посетил Центр...