Сайлау – 2021: ШҚО-да Nur Otan партиясының аймақтық сайлауалды штабы ашылды

30.12.2020

Бүгін Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды штабы ашылды. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков штаб отырысын ашып, барлық нұротандықтарға сәттілік тіледі.

   – Біздің алдымызда өте жауапты кезең тұр. ҚазіргБүгін Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды штабы ашылды. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков штаб отырысын ашып, барлық нұротандықтарға сәттілік тіледі.здеріңіз білетіндей, 10 желтоқсанда сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиал толығымен дайын: барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді, белсенді топтар мен сенімді адамдар дайындалды. Облыстық және аумақтық сайлау комиссияларында 542 кандидат тіркелген. Оның ішінде 456-сы праймериз жеңімпазы болса, 86-сы партия филиалының квотасы бойынша еніп отыр. Біздің арамызда 2,5 мың сенімді адамдар, 2 мыңға жуық бақылаушылар бар. Бұл сайлауда міндетті түрде жеңіп шығуға тиіспіз, - деді Олег Чугунков.

Аймақтық штаб құрамына 82 адам кірді. Олар мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері арасында іріктеліп алынған. Штабтың 57 мүшесінің сайлау науқанын өткізу тәжірибесі бар.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Похожее