Семей қаласының Іскер әйелдер қауымдастығы: «Партиямен бірге игі істерге бастаймыз»

16.08.2018

Семейдің шеткі шағын аудандарының 34 оқушысына партияның «Баланы мектепке жинайық!» жобасы аясында оқу құралдарға толы сөмкелер мен тәттілер тарту етілді.

Қайырымдылық акциясын алғашқылардың бірі болып қаланың Іскер әйелдер қауымдастығы қолдады. Ұйым жетекшісі Айнұр Арғынбекова айтуынша, кез-келген бизнесвумен ең бірінші кезекті ана, сондықтан әр бүлдіршіннің балалық шағы бақытты өткенін қалайды.  ия үндеуіне қуана үн қатты. Қалай дегенмен, «Баланы мектепке жинайық!» акциясы еліміздегі балалардың игілігі үшін қолға алынған шара. Жақсылық жасау мүмкіндігі болғанда, тыс қалып, тартынбау керек, – деп есептейді ол.   

         «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ағымдағы жылы жүздеген жанұяны қамтуды межеге алып отыр. Жаңа маусымдағы бастапқы кезең көмек көрсетушілер қатарының көп екенін аңғартты. Жалпы, бұл күні балаларды дәптерлер мен альбомдарға, түрлі түсті қарындаштар мен бояуларға толы сөмкелерден бөлек, «Ахмет» кондитерлік цехы атынан табыс етілген «тәтті» сыйлықтар таңқалдырды. Олар үшін арнайы пісірілген 34 торт оқушылардың қарапайым күнін нағыз мейрамға айналдырды.

         – Әр жылдары сан түрлі сыйлықтар табысталды. Мәселен, мектеп формалары, спорт киімдері, кеңсе тауарлары дегендей. Алайда биыл оқу құралдарымен толтыра отырып, портфельдер тарту ету туралы шешім қабылдадық, – дейді «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зульфия Жамалтдинова.   

Айта кету керек, ШҚО-да «Баланы мектепке жинайық!» акциясы дәстүрлі түрде тамыздың соңына дейін жалғасады. Облыстық филиал 100 аса отбасыны қамтуды көздеп отыр.  

Похожее