Жарма ауданының келбеті көркеюде

28.07.2017

Аудан әкімі абаттандыру жұмыстарын қадағалауда.

Аудан әкімдігі тұрақты негізде ауданның санитарлық жағдайына және абаттандыру мәселесі бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды 16news.kz

Көктемгі екі айлық аяқталғаннан кейін, санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр. Аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлы ағымдағы жылдың 27 тамыз күні Қалбатау ауылы бойынша орналасқан барлық саябақтарды тексеріп, қалпына келтіретін жұмыстарды тиісті басшыларға тапсырды.

Бұдан басқа «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы тұрақты және жоспар бойынша жұмыс атқаруда.

Аудан тазалығына «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары өз үлестерін барынша қосуда.

Похожее