«Жол жарақатымен күрес, балалардың көзімен» олар мұны өз суреттерінде көрсете білді.

16.07.2019

Шығармашылық ой-қабілеттерін ояту мақсатында конкурс басталмас бұрын оқыту семинарлары және жол-көлік жарақатының профилактикасы бойынша нұсқама беру жүргізілді, кейін конкурс жарияланды. Балалар үлкен белсенділік танытты.

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – біздің қоғамның басты проблемасы. «Қауіпсіз өмір!» Ұлттық бағдарламасы аясында және балалар жол-көлік жарақатын ескерту, қаламыздың көшелері мен жолдарында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын, тұрақты тұрғылықты және оқитын орындарында көліктік ортаға бейімделуін қалыптастыру бойынша жұмысын жандандыру мақсатында, сондай-ақ 2018-2019 оқу жылының аяқталуына байланысты жазғы демалыстар кезеңінде Департаменттің жергілікті полиция қызметі «Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ мамандарымен бірлесе Өскемен қ. №46 жалпы білім беру мектебінің мектеп жанындағы лагерлерінің оқушылары арасында «Жол жарақатымен күрес, балалардың көзімен» атты сурет конкурсын ұйымдастырып өткізді.

Шығармашылық ой-қабілеттерін ояту мақсатында конкурс басталмас бұрын оқыту семинарлары және жол-көлік жарақатының профилактикасы бойынша нұсқама беру жүргізілді, кейін конкурс жарияланды. Балалар үлкен белсенділік танытты.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орын – Ержанқызы К., 2 орын – Рустембекова Ж., және 3 орын – Еркеғали М., олар Грамота және естелік сыйлықтарына ие болды. Қалған қатысушыларға түгелдей алғыс хаттар және сыйлықтар табыс етілді. Балалардың айтуы бойынша конкурс оларға өте ұнады.

 

Похожее