Жүргізуші куәлігін қалай онлайн ауыстыруға болады?

11.09.2019

Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталуға таяу болса, оны онлайн egov.kz электронды порталы арқылы ауыстырыңыз! Ол үшін:

✅ Egov.kz порталынан көлік және коммуникациялар бөліміне өтіңіз;

✅ Жүргізуші кәулігін алу қызметін таңдаңыз;
✅ Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасын басыңыз;
✅Өтінішті толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз;
✅ Өтінімге jpeg форматындағы фотосурет пен қолтаңбаңыздың үлгісі бар парақтың скан көшірмесін қоса тіркеңіз;

✅Баж төлеу барысында мамандандырылған ХҚО орналасқан ауданға қарасты салық басқармасын таңдаңыз; Жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж 1,25 АЕК құрайды.
✅Тиісті баж салығын төлеп, электронды чекті басып шығарыңыз.

Құжатыңыз дайын болған сәтте ХҚО-ға келіп келесі құжаттарды ұсынасыз:
☑жеке басты куәландыратын құжат;
☑басып шығарылған электронды өтініш;
☑ескі жүргізуші куәлігі;

☑мемлекеттік баж төлеу туралы басып шығарылған электронды чек.

Естеріңізге салайық, Өскемен қаласы бойынша Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету секторы  осы жылдың 1 шілдесінде Сатпаев көшесі 34/2 мекенжайында ашылған.

«ХҚКО тұрғындарға әр алуан элек­тронды қызмет түрлерін ұсынады. Ескере­тін жағдай, алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін де мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару міндет­ті», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызмет маманы.

Айта кетейік, Өскемен қаласын тұрғындарына  2 айда көлік құралын тіркеуге қою және тіркеуден шығару қызметі бойынша 12298 қызмет, ал жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша 3922 қызмет түрі көрсетілген.

Похожее

Жителей Восточного Казахстана беспокоит состояние аварийности на дорогах
Жителей Восточного Казахстана беспокоит состояние аварийности на дорогах

16.09.2019 10:14

В ходе акции "Приемная на дороге и во дворах" к...

Полным ходом проходит акция «Приемная во дворах».
Полным ходом проходит акция «Приемная во дворах».

16.09.2019 10:11

Основной целью данного мероприятия является...

ЛУЧШИЙ ЭКИПАЖ БТР ОПРЕДЕЛИЛИ НА ВОСТОКЕ.
ЛУЧШИЙ ЭКИПАЖ БТР ОПРЕДЕЛИЛИ НА ВОСТОКЕ.

15.09.2019 07:03

В Усть-Каменогорске на базе воинской части 5518 ...

В ВКО прибыл Чрезвычайный и Полномочный Посол США в РК Уильям Мозер
В ВКО прибыл Чрезвычайный и Полномочный Посол США в РК Уильям Мозер

15.09.2019 06:55

С послом встретился первый заместитель акима...