Қалбатауда жарықтандырылған субұрқақ ашылды

01.08.2017

Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылын көріктендіру мен тұрғындар демалысын ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

31 шілде күні Қалбатау ауылындағы орталық алаңда жарықтандырылған субұрқақтың ашылу рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Н.Б.Сыдықов, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары, жастар қатысып, айналаға көрік берген ерекше көріністі тамашалады, деп хабарлайды 16news.kz

Ауыл тұрғындары, әсіресе жастар мен балалар көңілдерін көтеріп, ризашылықтарын білдірді.           

Жастар өкілдері атынан сөз алған «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі Махаббат Санат: - Ауылды сәулеттендіре түскен бұл нысан жергілікті тұрғындарға ғана емес, аудан қонақтарына да қуаныш сыйлайтын болады, - деді. Сондай-ақ, ол ауданда атқарылып жатқан осындай шаралардың барлығы тұрғындар игілігіне, әсіресе жастардың демалысына қолайлы мүмкіндіктер туғызатындығын атап өтіп, алғысын білдірді.

Мереке соңы аудандық мәдениет бөлімі өнерпаздарының концертіне және би кешіне жалғасты.                        

Похожее