Өскемен қаласында жастар арасындағы радикалды экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық семинар болып өтті

17.03.2019

Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға арналған республикалық семинар-тренингке Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан дін мәселелерін зертеу орталықтарының директорлары, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова күн тәртібіндегі қоғамның рухани саласын жан-жақты қамтитын мәселеге қатысты жұмысқа жүйелі, әрі кешенді қарау қажеттілігінің маңыздылығын айта келе, жиынға қатысушылардың назарын дін қызметкерлерінің сауаттылығы мен білім алуына аударды.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында бұл жұмыс жүйелі жолға қойылған.

Әсем Бекқызының айтуынша, 2017 жылы теологтардың білімдеріне жасалған талдау жергілікті дін қызметкерлерінің санаулы бөлігінде ғана арнайы білімдерінің болуы анықталды. Имамдардың көпшілігі орта біліммен шектелген. Сол себепті облыс орталығындағы Халифа Алтай мешітінің негізінде дін қызметкерлеріне арналып үш айлық курстар ашылды. Білім беру бағдарламасына дінтану, теологиямен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, мемлекет тарихын оқыту енді. Нәтижесінде  2017 жылы 156, ал 2018 жылы 64 имам білімдерін арттырды.

- Біздің білім беру мен сауат ашу бойынша бірнеше бағытымыз бар. Дін қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру – солардың бірі. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасымен Өскемен және Семей қалаларында «имам хатыб», «исламтану» мамандықтары бойынша кадр даярлауға облыстық бюджеттен 80  білім гранты бөлінген. Жақын арада «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоямыз, - деді, Әсем Нүсіпова. Мұнымен қоса, биылғы жыл соңына дейін Халифа Алтай мешітінде сирек кездесетін жәдігерлерден құралып, Қазақстандағы ислам тарихы жөнінде мол мағлұмат беретін Ислам мәдениетінің музейін ашу жоспарланып отыр.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлім басшысы – Жарас Аханов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти – Алау Әділбаевтардың баяндамалары семинарға қатысушы қауымның тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырды.

 Қоғамдағы жастардың жауапты миссиясы туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, ғылым докторы – Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди мен ҚР Орталық коммуникациялар Кеңесі жанындағы «Маңызды» сараптамалық алаңының жетекшісі – Нұрлан Өтешевтер кеңінен тоқталды.

Бүгінгі таңда, Шығыс Қазақстан облысында 265 мыңға жуық жастар бар. Бұл облыс тұрғындарының 19 пайызын құрайды. Өңірде, облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен Жастар жылын өткізу бойынша арнайы «Жол картасы» әзірленіп, бекітілген. 55 тармақтан тұратын құжат: тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету; жұмыспен қамту; талантты жастарды қолдау; жастардың өзін-өзі дамытуы; жас отбасы, денсаулық және әлеуметтік қамту және тірек іс-шаралары сияқты, негізгі бес бағытттан тұрады.

Похожее