Оқу қарсаныңда сыйлықтар

24.08.2018

23 тамызда Сол жағалау мектебінің оқушылары Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне шақырылып, кереккті сыйлықтарын алып қайтты.
 
  Богдан, Екатерина мен Алина бұл ұсынысқа үлкен ықыласпен жауап берді. Оларды мектепте күтіп алған мұғалімдер мектептін ішінде қысқа экскурсия ұйымдастырды. 
 – Бізге бәрі ұнады! – деп қуанышымен бөлісті.
 Арнайы олар үшін сатып алынған сөмкелер балаларға ұнады. Сөмкелердін ішінен олар көптеген қызықты заттарды тапты: гуашь, түрлі түсті және қара қарындаштар,
 ерекше өткір ұштағыштар, күнделіктер, дәптерлер, қарындаштар және қаламдар. Сөмкенін ішінен шыққан әрбір затқа оқушылар ерекше қуанды.
 – Сыйлықтарды таңдаған кезде біз балаларды ойладық: олар қандай түсті жақсы көреді, заттар қаншалықты ыңғайлы, сапасы қандай.
 - дейді қосымша білім беру пәнінің мұғалімі Аргунова Татьяна Валерьевна. – Енді олардың қуанғаның көргенде біз де қатты қуандық!
 Балалар өздерінің құрдастарына тағы заттарға толған екі мектеп сөмкесін ала кетті. «Мектепке жол» қалалық акциясына мектеп мұғалімдері қатысты.
 Ақшаның қалған сомасына, ұжым көмекке мұқтаж НЗМ оқушыларына мектеп қажетті керек-жарақтарын сатып алуды жоспарлап отыр.

Похожее