250 бастауыш сынып оқушылары қажетті мектеп керек-жарақтарымен бірге рюкзактарға ие болды.

27.08.2018

2018 жылғы 27 тамыз,Оскемен қаласы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке барар жол» республикалық қайырымдылық науқаны аясында Сбебранк жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан, жетім-балалар, ата-ана қамқорлығысыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балалар арасынан бастауыш сынып оқушыларына қолдау көрсетті.

Білім және ғылым министрлігінің аймақтық құрылымдары ұсынған тізім бойынша Қазақстан бойынша 250 бастауыш сынып оқушылары қажетті мектеп керек-жарақтарымен бірге рюкзактарға ие болды.

«Көп жылдар бойы Сбербанк өз алдына осыған ұқсас «Алақай! Мен мектепке барамын» атты акциясын өткізген болатын. Қазақстан аумағындағы барлық қалаларда қамқорлығымызда үнемі көмек көрсетіп тұратын балалар үйлері мен отбасылар бар, - дейді Савушкина Елена Ивановна, «Сбербанк» АҚ ЕБ  Оскемен филиалының директоры, - биыл осы дәстүрлі маңызды жобаны жалғастыра отырып, біз Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің бірлескен акция өткізу туралы үндеуіне ілтипат білдіруді ұйғардық. Білім күніне орай балаларды құттықтау біз үшін үлкен қуаныш. Білім алудағы алғашқы қадамдары жеңіл әрі қызықты болуына тілектеспіз».

Халықтың әлеуметтік қорғалуға жататын топтарындағы мектеп оқушыларын дайындау бойынша акцияны Сбербанк осымен сегізінші рет өткізіп отыр. Оның мәні балалар үйінің, жағдайы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім-балалар, ата-ана қамқорлығысыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектепге дайындау болып табылады.

Тек соңғы жылдары Сбербанктен мектеп керек-жарақтары мен рюкзактарға үш мыңға жуық бастауыш мектеп оқушылары ие болды. 

Похожее