Жоғары мотивация

19.09.2018

Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары оқуға жақсы мотивация алды. Шетелдік элективті курстарға қатысушылармен болған кездесу оларға түрткі болды.

Жазғы демалыста студенттер Алтынай Алмабекова, Аяулым Сейтқамзин, Нұрболат Камбеков, Арнат Исламов пен Сұлтанали Тоқтархан АҚШ-та элективті курстарға қатысты. Мысалы, 11- сынып оқушысы Аяулым және 10- сынып оқушысы Нұрболат Талантты жастар орталығында (CTY) үш апталық биология курсында білім алды.  12- сынып оқушылары Алтынай – Колумбия, ал Арнат пен Сұлтанали– Стэнфорд университетінде дәріс алды.

Әр бала өз күнделіктерін жүргізді, сол күнделіктерінен курстар қаншалықты қызықты екенін көруге болады. Мысалы Нұрболат Камбеков былай деп жазады: «Біз клетканы, оның функцияларын, органелла және көлік құралдарының түрлерін өттік. Әрбір органелланы белгілі бір лақап атаулармен байланыстырдық. Мысалы, митохондрия «жасушалардың батареясы», ал рибосома «белоктар зауыты» болды.

Осылайша олардың бәрі презентация дайындап  17 қыркүйектегі мектеп оқушыларымен өткен кездесулерінде  балаларға элективті курстарда алған білім,білік дағдыларын жеткізуге тырысты.

–Курстарға қатысу менің ағылшын тілі мен биология туралы білімімді дамытты. Маған қолжетімді, жеңіл түсіндірулер ұнады. Мұғалімдермен бірлесе жасаған қарапайым сызбалар өте жақсы есте сақталды. Әр тақырып зертханалық жұмыстармен бекітіліп отырды. Мысалы, гүлдер құрылымын өткеннен кейін, тірі гүлдермен жұмыс жүргізілді, – деп бөлісті Аяулым Сейітқамзина.

Оның айтуынша, балықтарды зерттеу барысында ол нейрохирург болуды қалайтынын түсінді.

Саяхат оларға басқа мемлекеттердің балаларымен достасуға көмектесті. Бұған командалық жұмыс, бос уақытты бірлесе өткізу және кампуста тұру ықпал етті.

Похожее