Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желідегі парақшалары қатаң бақылауға алынды

25.08.2017

Бұдан былай департамент өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған фактілердің қайталанбауына бақылау жүргізіп, назарға алмақ.

Жүргізілген мониторинг жұмысының қорытындысы бойынша облыстағы 126 мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желідегі парақшаларында жат 309 сурет анықталған, деп хабарлайды 16news.kz сайты ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасай отырып.

Аталмыш көрсеткіш бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент тиісті аудан әкімдіктері, басқармалар мен департаменттерге хат жолдап, жауап алған. Нәтижесінде 49 қызметкерге ескерту айтылса, 1 қызметкерге сөгіс және тағы бір қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту жарияланған.

 «Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желіге бір-біріне қару төсеп немесе ішімдік ішіп отырған суреттерін салған. Менің жеке ойым, бұл дұрыс емес. Ондай суреттерді қарапайым тұрғынның өзі салуға ұялады. Қажет болса жеке суреттер қатарында сақтасын. Алайда оны желіге жария етіп қажет емес. Себебі кейін халық «Бұлар жұмыстың орнына аңға шығып, ішімдік ішіп жүреді» деп санайтын болады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысының, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының м.а. Қайрат Сапарғалиев.

Бұдан былай департамент өз кезегінде мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алған фактілердің қайталанбауына бақылау жүргізіп, назарға алмақ.

Фото:Region03.ru

Похожее

Всеобщая подозрительность к своим гражданам
Всеобщая подозрительность к своим гражданам

17.04.2024 21:31

Так ли необходимо декларирование доходов...

Капитализм стреляет, взрывает, убивает
Капитализм стреляет, взрывает, убивает

26.03.2024 15:01

Конечно, можно выселить всех мигрантов, закрыть...

Электростанции пока только в воображении чиновников
Электростанции пока только в воображении чиновников

06.02.2024 20:52

Всего за оставшиеся 6 лет планируется построить 10...

Чья дамба?
Чья дамба?

05.02.2024 23:13

Департаментов, управлений, комитетов и прочих...