ШҚО-да 131 ауылға әкім сайланды

15.08.2017

Тамыздың 10-11 аралығында өткен сайлауға жалпы саны 402 үміткер қатысқан.

ШҚО-да ауылдық округ және ауыл әкімдерінің 4 жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 249 ауылдық округ ішінде 131 округке жаңа әкімдер сайланды

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин мәлімдеді. Тамыздың 10-11 аралығында өткен сайлауға жалпы саны 402 үміткер қатысқан.

– 131 жаңа әкімнің 100-і қайта сайланып отыр. Бұл жанама сайлау болғандықтан, ауылдық округ әкімдерін аудандық мәслихат депутаттары сайлады. 2013 жылы сайланған 249 ауыл әкімдерінің ішінде 108 әкім түрлі себептерге байланысты қызметінен уақытынан бұрын босатылып, орнына жаңа әкім сайланғандықтан, олардың өкілеттік мерзімі аяқталмады. Жалпы сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық әрекеттер тіркелмеді, – деді Александр Рукин.

Жаңа әкімдер арасында зейнет жасындағы азаматтар жоқ. Алайда сайлаудан кейін енді ғана қызметіне кіріскен ауылдық округ әкімдерінің бірі денсаулық жағдайына байланысты қызметінен бас тартқан.

Фото: ШҚО ақпараттық орталығы

Похожее