Алтайдың» құрамы белгілі болды

18.07.2018

«Алтай» волейбол клубы бір аптадан кейін Өскеменде жалауын желбірететін қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатына қатысатын ойыншыларының тізімін жариялады.

Шілденің 11 мен 18-і аралығында өтетін құрлықтық додада ел намысын 14 волейболшымыз қорғайтын болады. Бұған қоса жарыс регламентіне сәйкес, қорытынды тізімге төрт бапкер, бір менеджер және қызмет көрсету саласының төрт маманы кірген екен.

Облыс орталығында осымен екінші рет өтетін байрақты бәсекеде «Алтай» сапында келесі волейболшыларымыз өнер көрсетпек: Сана Анарқұлова (команда капитаны), Айнагүл Айжарықова, Наталья Шаршакова, Кристина Аниконова, Юнеска Роблес Батиста, Әлия Садықова, Ольга Дробышевская, Коринна Ишимцева, Наталья Акилова, Алла Богдашкина, Людмила Хабибулина, Хелоиза Ласерда Перрейра, Ботагөз Сәрсенбаева, Татьяна Фендрикова.

Естеріңізге салайық, былтырғы додада өскемендік команда төртінші орыннан көрінген болатын. Биылғы біріншілікте Юрий Панченко баптайтын ұжымның алдына кем дегенде финалға шығу мақсаты қойылған.

Похожее