Белсенді демалыс - ­­­­700 астам велосипедші сенбіде қала жолдарымен жүреді

19.08.2018

18 тамыз күні Алматыда велоәуесқойлар «Tour of World Class Almaty» мерейтойлық бесінші веложарысына қатысты. Сайыс жыл сайын тамыздың үшінші сәрсенбісінде өтетін ҚР Спорт күніне орайластырылған. Сөреге 12 жастан асқан 700 астам спортшы шықты. Велосипедшілер үш қашықтықтың біреуіне тас жол немесе тау велосипедімен (МТВ) қатыса алды. Спорсмендерді сөре алаңына шығарып салуға шараның бас демеушісі Sulpak компаниясының өкілі – Дмитрий Гаучук пен танымал кәсіпкер Нұрлан Смағұлов және әйгілі аль

Балалар қашықтығына (14 км) 100-ге жуық жасөспірімдер қатысты. 12-14 жас санатында тас жол велосипедіне мінген Руслан мен Юлия Марченко және МТВ мінген  Кобыланды Нургалиев мен  Жанна Омарадил жеңіпаз атанды. 15-17 жастағы қатысушылар арасында Данил Остренковмен  Владислава Артюшенко (тас жол) және Григорий Пашкин мен  Наталья Сафонова (МТВ) мәреге бәрінен жылдам жетті.

34 км қашықтықты алғаш болып тас жолдағылар арасынан Алексей Боловинцев мен  Элина Измайлова шоссемен айдауда. Барлық қатысушылар өз жас тармақтары бойынша марапатталды.

Абсолютті есепте ең ұзын 57 км қашықтыққа жарыстан Никита Федотовских мен  Екатерина Степанова жеңіске жетті. 57 км қашықтық қатысушылары тек тас жол велосипедтерімен жарысты. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі Олимпиада чемпионы Александр Винокуров:

«Қазақстанда әуесқойларға арналған осындай ауқымды спорттық шаралардың өтіп жатқанына қуаныштымын.  Бесінші жыл қатарынан ұйымдастырушылар велосипедке қызығушылық білдіретін қала тұрғындары мен қонақтарының айталықтай санын жинап келеді. Велоспорт алматылықтар арасында танымал болып, қалада қажетті инфрақұрылым қалыптасып жатыр. Алматыға келген сайын мен жастардың біздің «Астана» велокомандасының көгілдір түстес киімінде велосипед теуіп жүргенін көремін. Осындай шараларды өткізу арқылы, біздің командамыздың  дүниежүзілік деңгейде жеткен табыстары арқасында, жалпы Қазақстанда велоспорттың дамуы арқылы жыл сайын велосипедті және салауатты өмір салтын таңдайтын жастардың қатары көбейіп келеді».

Мәреде дәстүрлі алқалар мен жеңіпаздарды марапаттаулардан бөлек барлық спортшыларды «Tour of World Class Almaty» деген жазуы бар мерейтойлық торт күтіп тұрды. Кез келген  адам ұйымдастырушыларды мерекелік бесінші веложарыстың аяқталуымен құттықтауға мүмкіндік алды.

 

Жыл сайынғы веложарыс Алматы қаласы әкімдігінің белсенді қолдауымен ұйымдастырылған. Жарысты ұйымдастырушылар – «Бірінші болуға батылдық» Корпоративтік қоры (жыл сайынғы халықаралық Алматы марафонының ұйымдастырушысы), «World Class Almaty» фитнесс-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.

Похожее