Элина Михина Азия ойындарында қола жүлде иеленді

28.08.2018

Шығысқазақстандық жеңіл атлет Индонезия жерінде өтіп жатқан Азия ойындарында 400 метр қашықтыққа жүгіруде жүлдегер атанды.

Дүбірлі доданың тоғызыншы күні ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ-нің тәрбиеленушісі  Элина Михина ел қоржынына кезекті қола медаль салды. Азияның  үздік спортшылары бас қосқан бәсекеде риддерлік жеңіл атлет 52.63 уақытымен мәре сызығын кесіп өтті. Ол тек Бахрейн және Үндістан елінен келген бұрымдыларға ғана жол беріп, 400 м қашықтықта үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл сынға 440 спортшымен қатысуда. Аталмыш дода қыркүйектің 2-не дейін жалғасады.

 

Әйелдер арасындағы 400 м қашықтық қорытындысы:

 

1 орын – Сальва Насер (Бахрейн) 50.09

2 орын – Хима Дас (Үндістан) 50.79

3 орын – Элина Михина (Қазақстан) 52.63

Похожее