Өскеменде мүмкіндігі шектеулі спортшылар марапатталды

27.10.2017

Бүгін өткен дөңгелек үстел барысында жүлдегерлер марапатталып, алғыс хаттар табысталды.

ШҚО мүмкіндігі шектеулі спортшыларықыркүйекте Атырау қаласында өткен  V республикалық спартакиададан жүлделі орын иеленіп, жоғарғы көрсеткішпен оралған, деп хабарлайды 16news.kz сайты.

Іс-шараның қонағы ретінде Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты. Отырыс барысында мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен олардың бапкерлері тарапынан V республикалық спартакиададағы қызықты жайттар, облыстағы спорт орталықтары мен спорт үйірмелерінің жай күйі туралы пікірлер айтылды. Облыстық Дене шынықытыру және спорт басқармасының басшысышараға келген қонақтар мен спортшылардың ойларын тыңдап, аталмыш спорт түрі мен спортшыларға көрсетілетін қолдау жайында пікірін білдірді.

 «Осында  келіп отырған барлықтарыңызға айтар алғысым шексіз. Көптеген жарыстарда  өңір намысын қорғағаннан бөлек, кәсіби спортшылармен тең дәрежеде өмір келе жатқан сіздердің ерік жігерлеріңізге тәнтімін. Алдағы уақыттарда өңіріміздегі кейбір спорт түрлеріне білікті бапкерлер іздеп, емін-еркін жаттығуларыңызға жағдайларжасалып, облыс әкімінің арнайы стипендияларын тағайындай қарастырлатын болады», – деді Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

Жиын соңында басқарма басшысы мүмкіндігі шектеулі спортшыларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

Фото:Спорт басқармасы баспасөз қызметі

Похожее