Ақмола облысының Жақсы ауданы «Адал жол – Честный путь» марафонының эстафетасын қабылдады

24.09.2019

«Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын өткізу аясында 2019 жылы 19 қыркүйекте Жақсы ауданы Есіл ауданында эстафетаны қабылдады.

Екі аудан шекарасында "Жақсы ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Жүсіпова Ұлыбала Омашқызы тақырыптық баннер мен фотоальбомды қабылдады, оны Есіл ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Байғалым Бейбітгүл табыс етті.

Аталған марафонның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру, жақсыншыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісіне тарту, белсенді азаматтық ұстанымды көрсету болып табылады.

Марафонның басты мақсаты - халықтың барлық топтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болғандықтан, осы кезеңде ауданда іс-шаралар, жиналыстар, акциялар, дөңгелек үстелдер, флеш-мобтар, веложарыстар жоспарланған кестеге сәйкес өтеді. Бұл марафон ауданда осы жылдың 19 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында өтеді.

Похожее