Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы

09.10.2018

2018 жылдың 5 қазанында Қарағанды қаласында (Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында) «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі ұйымдастырған «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» гранты аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әр түрлі деңгейдегі мүшелерін оқыту курсы аяқталды.

Курсқа Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының ақпараттық-түсіндіру топтарының 100 мүшесі қатысты. Сертификаттар мен ҚР Қоғамдық даму министрлігі қоғамдық келісім комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәлігін Қоғамдық келісім комитетінің басқарма басшысы М.Қарабаева табыстады. Барлығы 37 курс тыңдаушысы куәлік иегерлері атанды.

Арнайы куәлікті иелену талаптары: 

  • өңірлік ақпараттық-түсіндіру топтарының құрамында 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • жергілікті құзырлы мемлекеттік органның ұсынысы;
  • аттестациялық тестілеудің қорытындысы;
  • курс барысында тәжірибелік жұмыстарын тыңдармандар мен сарапшылардың бағалауы;

Келесі аймақтық курс 2018 жылдың 22-26 қазан аралығында  Орал қаласында өткізілуі жоспарланған. Бұл курсқа Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері шақырылады.

Похожее

Бонусы и обучение: «Атамекен» предлагает новые инструменты развития торговли
Бонусы и обучение: «Атамекен» предлагает новые инструменты развития торговли

13.06.2019 12:44

Перспективы развития торговой сферы обсудили на...

Речь Алика Шпекбаева по вопросам борьбы с коррупцией
Речь Алика Шпекбаева по вопросам борьбы с коррупцией

04.06.2019 09:18

На прошедшем 20 мая совещании по вопросам борьбы с...