«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық - түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау

24.10.2018

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында Орал қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық - түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау республикалық оқыту курсының екінші күні де сәтті аяқталды.

Оқыту бағдарламасы барысындағы   (Православтық Христиандықтың негіздері, тарихы. Қазақстандағы православие) тақырыбында Орал округі эпархиясының прото ереийі Гарасим Владимирдің дәрісі  және (Қазақстан Республикасының қоғамдық –саяси  өмірі. ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясаты.Зайырлылық, зайырлылық принциптері )жайлы  Республикалық АТТ мүшесі дінтанушы Әбуов Тұрар Түгелұлының сабағы қатысушылардың аса қызығушылығымен қабылданып,  пікір-алмасу түрінде өтті.

Павлодар қаласының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының»  ЖШС  директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Г. Раздыкова қатысушыларға  АТТ мүшелері білуі тиіс мәліметтер бере отырып психиологиялық әдіс-тәсілдер мен кері байланысқа шақыру жолдарын үйретті. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму Министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы О. Гайко  протестантизм және оның жаңа ағымдары жайлы бейнероликтер көрсету арқылы протестанттық бағыттағы діни ұйымдардың бағыты Қазақстандағы қал-ахуалы туралы жан-жақты білім берілді.

Похожее