ТАЛДЫҚОРҒАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚЫТУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

07.11.2018

Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындаЯкорь ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының ІІІ – кезеңі Талдықорған қаласында бастау алды.

Аталмыш іс-шараға Алматы, Шымкент қаласының және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық - түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді. Оқыту курсының ашылу салтанатына облыстық дін істері басқармасының басшысы Есдәулетов Рахмет Разбекұлы сөз алып, қатысушылардың оқуына сәттілік тіледі.
​         Курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа құрылған. Бағдарламаның негізгі жетістігі - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық біліммен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
​Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген тұлға тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптаса алады.
          Қатысушыларға РАНТ мүшесі, дінтану магистрі Абуов Тұрар Түгелұлы, «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Сабдин Асқар Калимжанұлы, Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері Букашова Марина Тюлюгазовна, Философия ғылымдарының докторы, «Қазақстан дінтанушыларының конгресі» ҚБ төрағасы Сатершинов Болатбек Меңлібайұлы, «Intllekt Inkubator» қоғамдық қорының төрағасы, блоггер Джанаев Нұрлан Алламжарович, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф, ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалия Қайдауылқызы дәріс береді.

Похожее

Казахстанцы приобрели свыше 47,1 тысячи новых легковых автомобилей на сумму 403 млрд тенге
Казахстанцы приобрели свыше 47,1 тысячи новых легковых автомобилей на сумму 403 млрд тенге

14.11.2018 07:25

Союз предприятий автомобильной отрасли Казахстана...

Всемирная неделя правильного использования антибиотиков
Всемирная неделя правильного использования антибиотиков

14.11.2018 07:23

Стартовала Всемирная неделя правильного...

Школьники из ВКО стали самыми умными историками в стране
Школьники из ВКО стали самыми умными историками в стране

13.11.2018 18:07

Областной интеллектуальный конкурс юных историков...

Кому нужен проект переработки высокообогащенного урана?
Кому нужен проект переработки высокообогащенного урана?

13.11.2018 17:54

В выставочно-информационном центре Ульбинского...

Самұрық-Энерго мен АДБ арасында 30 млрд теңгеге кредиттік келісім жасалды
Самұрық-Энерго мен АДБ арасында 30 млрд теңгеге кредиттік келісім жасалды

09.11.2018 07:41

Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ мен Азия даму банкі...

Кредитное соглашение на 30 млрд. тенге между Самрук-Энерго и АБР
Кредитное соглашение на 30 млрд. тенге между Самрук-Энерго и АБР

09.11.2018 07:40

В Астане состоялось заключение кредитных...