Ведомстволық білім беруді оңтайландыру нәтижесінде қазіргі қолданыстағы 12 оқу орнынан 5 Академия қалады

09.01.2019

Ведомстволық білім беруді жаңғырту кадрларды іріктеу, қайта даярлау және біліктілігін көтеру жүйесін қайта қарауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, генерал-майор Жанат Сүлейменов мәлімдеді.

«Болашақта негізгі іріктеу орталығы ІІМ ведомстволық оқу орындары болады. Даярлау кезеңінде (криминалдық полиция мен тергеушілер үшін6 ай, басқа қызметтер үшін 3 ай болады), интеллектуалды білім берумен қатар, үміткердің моралдық ерік-жігері зерттеледі, ол салалық мамандығын анықтауға, немесе шығаруға негіз болады», - деді ол. Сондай-ақ, басшының карьерасы оқыту процесімен байланысты дамыған елдердің тәжірибесі бойынша қалалық, аудандық орган басшылығы лауазымына үміткерлерді оқыту қайта қарастырылады. Ірі қалалық және аудандық Полиция басқармалары басшыларының карьералық өсуі жоғары білім алғаннан кейінгі ведомстволық дипломы болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Жанат Сүлейменовтің айтуынша, құжаттарды қабылдау ІІМ-нің ресми web-порталы арқылы жүргізіледі. Әңгімелесуден табысты өткен және дене дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған үміткерлермен тыңдаушылар қатарына қабылдау келімісшарты жасалады.

Осындай іріктеу жүйесі осы жылы қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін кезең-кезеңімен енгізілмек.

Айта кетсек, қазіргі уақытта ІІО қызметіне 1200 үміткер алынды, олар жаңа бағдарлама бойынша оқитын болады.

Похожее

Как в Казахстане приобрести жилье по доступным условиям?
Как в Казахстане приобрести жилье по доступным условиям?

21.01.2019 09:10

В Послании Президента народу Казахстана особое...

25-кратный рост обращений к Уполномоченным по этике отметили в АДГСПК
25-кратный рост обращений к Уполномоченным по этике отметили в АДГСПК

21.01.2019 09:06

Об этом в ходе брифинга заявил директор...

Количество этических правонарушений снизилось более чем в 2 раза - АДГСПК
Количество этических правонарушений снизилось более чем в 2 раза - АДГСПК

21.01.2019 09:03

Об этом в ходе брифинга заявил директор...