01.11.2018
Осы күні таңғы 04.00 сағат шамасында патрульдік наряд Орджоникидзе көшесін патрульдеу барысында сол көшеде орналасқан үйлердің бірінің ауласынан ақтарылып жатқан төлем терминалын тауып алады. Анықтау барысында Орджоникидзе көшесінің бойындағы бір дүкенге пластикалық есігін бұзу арқылы белгісіз тұлғаның кіріп, төлем терминалын ұрлап кеткені анықталады. Жоғарыда айтылған оқиғаларға ұқсас ұрлық жасамақ болған әрекет дәл сол түні Киров көшесі мен Протазанов көшелеріндегі дүкендерде орын алған. Өскемен қ. ІІБ жол –патрульдік батальоны мен криминалдық полиция қызметкерлерінің бірлескен шұғыл да сауатты қимылдары нәтижесінде оқиға «ізі суымай» ашылып, 1992 жылы туылған Өскемен қаласының екі тұрғыны құрықталады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Похожее
03.05.2024 19:27
Полицейские начали служебное расследование по...
02.05.2024 16:49
На Ульбинском металлургическом заводе прошла...
02.05.2024 16:47
В трамвайный парк Усть-Каменогорска закупили...