Ағаш мүсіндер көрмесіндегі ғажайып сәттер. 2018

05.11.2018

1 қарашада «Алтай» көрме залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Юрий Костанянцтың музей-үйіндегі шеберлердің ағаштан ойып жасаған бұйымдарының «Ғажайып сәт» атты көрмесі ашылды. Оны ұйымдастырумен көрме-экспозициялық бөлім айналысты.

Салтанаттың ашылу рәсімінде музей-қорық директоры Медет Нұрғалиев атап өткендей, бұл музей үшін жоспарланбаған іс-шара еді, оған себепші 12 қазан күні музей-үйде орын алған оқыс оқиға – өрттің шығуы болды. Өрт кезінде ондағы бірсыпыра ағаш мүсін жанып кетті, ал ғимараттың өзі болса күрделі қалпына келтіруді талап етеді. Дегенмен, музей-қорық ұжымы оған бейжайлылық танытқан жоқ, көрмеге келушілерден түскен қаржының бір бөлігі оны қалпына келтіруге жұмсалады.

Көрмеге ағаштан, негізінен самырсыннан жасалған 60 мүсіндік жұмыс қойылды. Олар – Юрий Костанянцтың өзінің және музей-үй шеберлерінің шығармалары. Әсіресе, қазақ тарихына қатысты мүсіндер: «Қазақ жауынгері», «Абай», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыран аулау» және басқалар ерекше орын алады. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі қару-жарақтар үлгілері тіптен бірегей.

«Мен осындай көрме ұйымдастырып бергені үшін музей-қорыққа бек ризамын» - деді Юрий Костанянц. Мамандығы бойынша ұшқыр және шынайы суретші-шебер ежелден келе жатқан арманы – өзінің музей-үйінде өнер театрын ашуды ешқашан ойынан шығарған емес. Ол театрдың басты қатысушылары жарық пен музыканың көмегімен жарқырай түсетін ағаш мүсіндер болуы тиіс. Юрий Костанянц пен оның көмекшілерінің алдағы уақытта қолға алатын шаруалары жетерлік. Олар – музей-үйді қалпына келтіріп, дүниеге жаңа мүсіндер әкелу.

«Ғажайып сәт» көрмесі музей-қорықта екі бойы жұмыс істемек.

Похожее

Прошли слушания по наименованию и переименованию улиц города.
Прошли слушания по наименованию и переименованию улиц города.

14.11.2018 07:34

Безымянные улицы в п. Меновное получат названия...

Важные беседы о здоровье
Важные беседы о здоровье

14.11.2018 07:33

Специалисты Областного центра формирования...

В Усть-Каменогорске проводится анализ автобусных маршрутов
В Усть-Каменогорске проводится анализ автобусных маршрутов

14.11.2018 07:29

Исследование пассажиропотока с целью оптимизации...

На Востоке страны ЮИД объединил педагогов крупных городов
На Востоке страны ЮИД объединил педагогов крупных городов

13.11.2018 07:23

В Усть-Каменогорске в рамках курсов повышения...

«Детство без жестокости и насилия».
«Детство без жестокости и насилия».

13.11.2018 07:22

На территории г. Усть-Каменогорска в период с 12 по 23...