18.07.2017
Ахмер кетінің тұрғындарын қалалық көліктердің қатынау мәселесі бұрыннан бері мазалауда. Осы орайда тұрғындар өз проблемаларын қала басшылығына тікелей эфир кезінде жеткізді.
«Ахмер кентіне қатынайтын №42-ші қалалық автобусты жөнге келтіруге бола ма? Автобустардың арасындағы жүру интервалы 40-45 минуттан. Қыста, жазда адамдар лық толып жүреді. Санын көбейтуге болмай ма?», — деген сұрақ көрерменнен қойылды.
«№ 42 «Өскемен вокзалы-Ахмер кенті» маршруты бойынша 10 автобус жүреді әрі оған қызмет көрсетеді, қозғалыс аралығы 10 минут. Аталған маршрут бойынша жолаушылар көлігі таңғы және кешкі уақытты ғана құрайды. Ахмер кентіне № 42 маршруттан басқа № 55 Ивушка-Ахмер, 255 «Облыстық балалар ауруханасы – Ахмер-2» маршруттары жүреді. Жолаушылар ағынының көп болмауына байланысты, № 42 маршрутының сұлбасын өзгерту мүмкін емес»?, — деп жауап берді Қуат Тұмабаев.
Фото:Olx.kz
Похожее
22.04.2024 20:05
Смогут ли просматривать данные по выбросам...
28.03.2024 22:17
Такое заявление сделал аким ВКО Ермек...