Біздің сүйікті туған күніміз

14.09.2018

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 8 жыл толуына орай тамаша мерекелік көңіл-күймен отті. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы берілген тапсырманы өте жоғары дәрежеде атқара білді.

Мерекеге арналған концерттік бағдарламаның алдында биылғы мектептің түлектері құттықтау жолдады. Олар оқушыларға өздерінің мектеп туралы жүрекжарды сөздерін әзілмен де, ақылмен де жеткізіп, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің абырой-беделін жоғары ұстауды» тапсырды.

         Оқушылардың орындауындағы заманауи және дәстүрлі билер мерекенің көркін арттыра түсті. Сондай-ақ әншілер де олардан қалыспады. Жүргізушілердің әзілмен әсемдеген сөздеріне де көрермендер тәнді болып, қол шапалақтап, қолпаштап отырды.

         Сахна төріне мұғалімдер, медициналық, жатахана, шарушылық жөніндегі бөлімшелердің өкілдері шықты. Олардың әні мен биі көрермендер үшін үлкен тосын сый болды.

         Мерекелік бағдарлама 13 қыркүйекте өтті. 2010 жылы дәл осы күні салтанатты жиын болып, Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз жұмысын бастаған еді.

Похожее