03.12.2018
2018 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 09:00 шамасында Орлов шахтасының 12-ші жерасты қабатында компанияның үш қызметкері ессіз күйінде табылды. Оқиға орна келген мамандар екі қызметкердің қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды.
Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды.
KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.
Похожее
25.04.2024 16:56
...
22.04.2024 20:05
Смогут ли просматривать данные по выбросам...