Мемлекеттік тілдің рөлі туралы.

26.08.2020

Әр мемлекеттің болмысын қалыптастыратын ең негізгі қағидалары мемлекеттік шекарасы, мемлекеттік рәміздері, мәдениеті және мемлекеттік тілі .Солардың ішінде мемлекеттік тілдің маңызы өте зор. Қандай да бір мемлекетті өзге мемлекеттен айыру үшін біз ең алдымен оның тіліне мән береміз.

Біздің еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет тіл мәселесіне өте көп көңіл аударылып, жіті қадағалануда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабы 1- тармағында "ҚР-дағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі " деп бекітілген.

Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту үшін көптеген шаралар жүргізілуде.

Тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, жаһандану заманына бейімделіп , бәсекеге қабілетті болып, сақталып қалуы үшін көптеген салаларда қолданысын арттырып, заман талабына сай етіп дамыту қажет.

Ол талаптарды айта кетсек:

1. Іс қағаздарыды жүргізу тілі, яғни ресми тілде

2. Ғылыми тілде

3. Ақпараттық кеңістікте колдануда

4. Әдеби тілде

5. Күнделікті қолданыстағы ауыз-екі cөйлеу тілде

Осы мақсаттарға жету барысында көптеген реформалар мен жұмыстар жасалуда.

Қазақтың әдеби тілі - қолданылуы тарихы тереңде жатқан, ертеден қалыптасқан өте бай тіл . Сондықтан бұл салада көптеген қиындық жоқ деп ойлаймын.

Күнделікті қолданыстағы ауыз-екі тіл де өз ағымымен заманға сай қажеттілігі артып, өз сарынымен дамуда.

Қазақ тілінің ақпараттық кеңістіктегі қолдану аясын арттырып, көптеген өркениетті елдердің жетістіктерін меңгеруді жеңілдетіп, әлеуметтік желіде, хат алмасу шараларында заманауи талаптарға сай болуы үшін латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президентінің № 569 "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" қаулысы қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуі қамтамасыз етсілсін деп көрсетілген.

Мемлекеттік тілді ғылым, білім алу тіліне айналдыру мақсатымен әлемнің ең маңызды деген авторларының ғылыми жұмыстары мен еңбектері төл тілімізге аударылуда.

Ал енді мемлекеттік тілге "мемлекеттік тіл" статусын беретін ең басты талабының бірі – тілдің іс-қағаздарды жүргізу, заң шығару органдарында, мемлекеттік қызметте, ресми кездесулерде, брифингтерде колданылуы болып табылады. Бұл салада да көптеген жұмыстар атқарылуда.

Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тіліне деген оң көзқарасын қалыптастырып, қызығушылығын арттырып, құжат тілінің мемлекеттік тілге көшуіне қызметтердің қазақ тілінде көрсетілуіне жағдай жасайтын байқаулар және мәдени шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметке түсудің ең басты қағидаларының бірі – мемлекеттік тілді білу дәрежесін тексеру туралы тестлеуден өту болып табылады .

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңының 8-бабында «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады», - деп бекітілген.

Мемлекеттік мекемелердің ішкі және сыртқы хат алмасуы, құжаттар айналымын саралайтын болсақ қазақ тілінің колданылуы өте ауқымды екенін байқауға болады .

Атап айтсақ, Өскемен қалысының №2 сотында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын арттыруға аса көңіл бөлінуде. Соттың шығыс және ішкі құжаттар тек қана мемлекеттік тілде әзірленеді. Мәселен, 2020 жылдың бірінші 7 айлығында барлық шығатын хат-хабарлар екі тілде яғни, мемлекеттік тілді қолдану және өтінуші жүгінген тілде жауапты алу құқығы қамтамасыз етілген. Сотпен ішкі хат алмасуда мемлекеттік тілдің қолданылу аясы 100% қамтамасыз етіліп отыр.

Мемлекеттік қызметте қазақ тілінің маңызын арттырып, қолданысын арттыру жайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы "Ана тілі " газетінде берген сұхбатында:

"Біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуы үшін қоғамда оған деген қажеттілікті арттырған жөн. Мемлекеттік қызметке, оның ішінде, халықпен тығыз жұмыс істейтін лауазымға тағайындау кезінде кәсіби біліктілігіне қоса, қазақ тілін жақсы білетін азаматтарға басымдық беру керек. Парламентте немесе баспасөз мәслихаттарында мемлекеттік тілде сөйлеп, пікір алмаса алмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымы, ең алдымен, қазақ азаматтарының арасында – анахронизмге айналуға тиіс.

Екіншіден, біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек. Оларды Парламентке, өкілетті органдарға сайлап, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жоғары лауазымдарға тағайындап, мемлекеттік наградалармен марапаттап отырғанымыз дұрыс. Мұндай азаматтар қазақ тілінің деңгейін ұлтаралық қолданыс дәрежесіне көтеруге көмектеседі.

Үшіншіден, қазақ тілін қолдану барысында фонетикалық және орфографиялық қателер жіберіп алатын отандастарымызға түсіністікпен қарап, толеранттылық танытуымыз керек. Мұндай азаматтар жастарымыздың арасында да аз емес. Олардың талпынысын мазақ етпей, қайта қолдай түскеніміз жөн.

Төртіншіден, телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері Ресей бағдарламаларының көшірмесіне емес, қайта қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс. Арзан ойын-күлкіден гөрі, ұлттық

идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет. ", - деп шешу жолдарын атап өтті.

Тіл саласында келешекке бағдарланған мақсаттар өте көп. Ал ол мақсаттарды орындау тұрғысынан көптеген мәселелерді бүгін шешуге тура келеді. Ол үшін тілімізге даңғыл жол ашылып, көптеген жұмыстар, шаралар атқарылуы қажет. Мемлекеттік тілдің дәрежесінің көтерілуіне мемлекетіміздің әрбір азаматы өз үлесін қосып, қажырлы еңбек атқаруы қажет .

 

Өскемен қаласының №2 сотының жетекші маманы Н.Е. Бердімуратов

Похожее