Мерейтойлық марафон

06.04.2019

Қазақстандағы ЮНЕСКО клубтарының федерациясының 10 жылдығына арналған Өскемендегі мерейтойлық марафон Назарбаев Зияткерлік мектебінде аяқталды.

Балалар мектеп ауласында жарқын флеш-моб ұйымдастырды. Салтанатты жабылуы акт залында өтті. Ол Шығыс Қазақстан облысының ЮНЕСКО клубтары мүшелерінің қатысуымен гала-концерт түрінде ұйымдастырылды. Оның аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Бір бала» заманауи үйлесімінде қазақтың халық әнін орындады.

Қатысушылардың айтуынша, сол күні, яғни 4 сәуірде, облыс орталығының түрлі нысандарында мастер-класстар «Шеберлер қаласы», «Музыкалық ринг», «Белсенді жасөспірім» балалар құрылтайы, «БАҚ-ЮНЕСКО» тұсаукесері ұйымдастырылды.

Похожее