«Мұхтар Әуезовты оқимыз!»

04.10.2018

Кез-келген сайыстың немесе жарыстың ең қызықты, әсерлі сәті өз мәресіне жеткенде болатыны сөзсіз. Міне, «Мұхтар Әуезовты оқимыз!» Халықаралық интернет-сайысы да аяқталды.

Сайыс жеңімпаздарының есімдері 2018 жылдың 5 қазаны күні сағат 13.00-де Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының мәжіліс залында өтетін финалдық шарада белгілі болады. Мұнда сайысқа қатысушылар ғана емес, олардың достары мен жанкүйерлері, XX ғасырдағы көрнекті қазақ жазушысы М.Әуезовтың шығармашылығына табынушылар жиналады.

Финалды Қазақстанның Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Зырян сияқты қалаларынан және Ресейдің Томск, Астрахань, Краснодар қалаларынан қатысушылар онлайн тәртібінде бақылайды.

Сайыстың қалай өткені туралы бейнероликтен көруге болады. Ол сондай-ақ сайыс қатысушыларымен және қазылар алқасының мүшелерімен таныстырады.

Кітапхана қызметкерлерінің орындауында М.Әуезовтың шығармаларынан алынған табиғат композициялары автордың түрлі кезеңдегі қазақ даласын қалай шебер сипаттағанын, туған өлкеге деген балалық махаббатын көрсетеді. Көркем оқуды Абайдың «Көзімнің қарасы» әні толықтыра түседі.

«Даланың даналық ойлары» атты ойын өткізілетін шараның мазмұнына сай келеді. Онда қатысушылар М.Әуезовтың әңгімелерінде кездесетін мақалдарды қажетті сөздермен толықтырады.

Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің ұстаздары мен студенттері орындайтын музыкалық номерлер шараға әр бере түсетіні сөзсіз.

Финалдың ең әсерлі сәті – жеңімпаздарды марапаттау және қазылар алқасының жылы лебіздері.

Шараның медиялық мақсаты: қазақстандық жас ұрпақты және шетелдік оқырмандарды Мұхтар Әуезовтың шығармашылық мұрасымен таныстыру арқылы еліміздің мәдениетін насихаттау. Жоғары адамгершілікке, өз отанына деген патриоттық сезімге және оны мақтан етуге тәрбиелеу.

Похожее