ҮНДЕУІ

21.09.2018

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті облыстық департаментінің кәсіпкерлік нысандарына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы бірлескен ҮНДЕУІ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің облыстық департаменті кәсіпкерлік нысандарын, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді нарықтағы бағаның алыпсатарлық жолмен өсуіне жол бермеуге және тауар тапшылығын қолдан жасамауға үндейді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты нарықтың жекелеген нысандары түрлі алыпсатарлық әрекеттерге баруы мүмкін. Соның салдарынан жоғары сұранысқа ие азық-түліктің, соның ішінде отандық өнімдердің, азық-түлік емес тауарлардың, мультипликативті әсерге ие тауарлардың (мұнай өнімдері, сығымдалған газ, көмір, мазут) бағасының жасанды жолмен өсуі мүмкін.

Аталған әрекеттер анықталған жағдайда департамент бәсекелестікті қорғау заңнамасының бұзылу фактілерін тіркеуі мүмкін екенін мәлімдейміз. Антимонополиялық орган нарық нысандарының бағаны өзара келісу арқылы тағайындап, ұстап тұру сияқты алыпсатарлық әрекеттері бойынша, жеңілдіктер жариялау және баға қосу, жекелеген сатушылармен немесе сатып алушылармен (тапсырыс берушімен) келісімшартқа отырудан бас тарту, тауар нарығындағы үстемдікті пайдаланып, монополиялық жоғары баға тағайындау әрекеттері бойынша бәсекелестікті қорғау заңнамасының бұзылу белгілері ретінде тексеріс ашуға құқылы.

Осы іспеттес әрекеттер монополиялық кірісті тәркілеумен бірге монополистік әрекеттен алынған табыстың 3-5 пайызы көлемінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соқтырады (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 159 бабы).

Сонымен қатар, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған (ҚР Қылмыстық кодексінің 221-бабы).

Монополияға қарсы тексерістер мен әрекет ету шараларын болдырмау үшін нарық нысандарын өз қызметін жауапкершілікті бәсеке принциптері бойынша жүргізуге, баға және сауда саясатын негізді жүргізуге шақырамыз.

Тұтынушылардың құқығын шектеуді болдырмау мақсатында барлық бизнес-қауымдастық пен мемлекеттік органдардың бағаны негізсіз өсірмеу бойынша жұмылып күш салуы қажет деп санаймыз.

Кәсіпкерлер жеткізушілер тарапынан бағаны негізсіз көтеру фактілері бойынша аталған нысандар туралы ақпаратты және жеткізу бағасын растайтын құжаттарды: есепшоттар мен жүктемелердің көшірмесін департаменттің мекенжайына өткізе алады.

Азаматтар бағаның күрт өсу фактілері бойынша департаменттің сенім телефондарына 8(7232)- 26-37-40, факс: 8(7232)-57-79-91 нөмірлері арқылы, oskemen@eсonomy.gov.kz. электронды мекенжайына хабарлауға құқылы. Ресми арызбен Өскемен қаласы, Буров к-сі, 20 үй мекенжайына жүгінуге болады.

Похожее