Облыстың үздік оқушылары ШҚМТУ-да жиналады

10.01.2019

Шығыс Қазақстан облысының болашақ зияткерлік элитасы ШҚМТУ-да Бірінші рет өткізілетін Жыл сайынғы «Ақылды Awards-2019» сыйлықақының иегері болу үшін университетте жиналады.

 «Ақылды Awards-2019»  сыйлықақының финалисттері ШҚМТУ-да грантта оқуға автоматты түрде қабылданады.

Бұл эксклюзивті мақсаттық іс-шара Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп бітіруші сынып оқушыларына, яғни «Алтын белгі» үміткерлеріне арналған.

ШҚМТУ-дың оқу-әдістемелік жұмысы бойынша проректорының м.а. Жадыра Қонырбаеваның айтуы бойынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты облыстың талантты түлектерін аймақтық университеттермен таныстыру және оларға  мүмкіндіктерді  ұсынып олардың басқа жаққа кетуін азайту болып табылады. Сонымен қатар, «Алтын белгіге» ие болу үшін үміткерлердің оқуға  қызығушылықты ынталандыру, олардың  жетістіктерін мойындап, алда келе жатқан бітіру емтихандарына дайындықта қолдау көрсету.

«Акылды Awards-2019» іс-шарасына қатысқандардың барлығына қатысу туралы сертификат және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да оқуға жеке шақыру қағазы беріледі.

Қатысудың алғышарттары, кез келген 7 номинация бойынша өзімен таныстыру туралы  креативті ролик жасау, тақырыбы: «Эйнштейн дерлік», «Пифагордың ұрпағы», «Болашақ инженер», «Сәулет және жаңашылдық», «Геолог – бұл кәсіп», «Cyberми», «Нәтижеге бағдарлау».

Іс-шара жоспары:

9:30-10:00 – қатысушыларды тіркеу;

10:00-11:00 – инновациялық білім беру бағдарламаларының презентациясы;

11:00 - 12:00 – университетте экскурсия жүргізу;

12:00-12:30 – фотосессия.

Гранттар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі 2019 жылдың 12 қаңтарында сағат 12.30-да, Серікбаев к., 19, акт залында өтеді.

Қатысушылардың роликтеріне 5-ші қаңтардан бастап 10-шы қаңтарға дейін www.ektu.kz. сайтында дауыс беруге болады.

Похожее

Детская безопасность
Детская безопасность

13.06.2019 12:36

Специалисты УЧС города и спасатели ВРАОСО...

Дарующий кровь – дарует жизнь!
Дарующий кровь – дарует жизнь!

13.06.2019 12:34

14 июня отмечается всемирный день донора крови....

Қан сыйлаушы – өмір сыйлайды!
Қан сыйлаушы – өмір сыйлайды!

13.06.2019 12:33

14 маусымда Бүкіләлемдік донор күні атап...

Спасатели провели уроки для детей из пришкольного лагеря
Спасатели провели уроки для детей из пришкольного лагеря

12.06.2019 15:12

Спасатели ВРАОСО и УЧС города Усть-Каменогорска ...

Криминальная хроника
Криминальная хроника

12.06.2019 15:11

10 июня около 16.30 часов на оперативный канал «102» УП...