Орта және шағын бизнес қызметіне кез келген қол сұғу дерегі төтенше жағдай ретінде қаралатын болады. Тиісті шаралар қабылданатын болады

14.09.2018

«Атамекен» ҰКП мен Агенттік арасында жасалған Жол картасын іске асырудың аралық қорытындысын шығару мәселесі бойынша МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалық етуімен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында кеңейтілген кеңес өтті.

МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары өз сөзінде кәсіпкерлерді олардың қызметіне кез келген кедергіден қорғау, әкімшілік кедергілерді алып тастау, бюрократиялық кедергілерді жою қажеттілігін атап өтті.

«Мемлекет басшысының қойған мақсаттарға сәйкес, Агенттік Төрағасының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Қорғанысты көбінесе шағын және орта бизнес қажет етеді. Оларда күшті заңдық қызметтер жоқ, көбінесе олардың құқықтарын білмеуі кездеседі. Орта және шағын бизнес қызметіне кез келген қол сұғу дерегі төтенше жағдай ретінде қаралатын болады. Тиісті шаралар қабылданатын болады», - деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов айтуынша, бүгінгі таңда қызметтердің 78%-і электронды түрде және ХҚКО арқылы қамтамасыз етіліп, бизнеске де жұмысты жеңілдетеді. Бұл бағыттағы ілгерілік айқын.

Оның айтуынша, 4 жыл бұрын бұл сандар екі есеге аз болған. Және, демек, шенеуніктер азаматтар мен кәсіпкерлер үшін жасанды қиындықтарды жасау мүмкіндігі екі есеге көп болды.

Бірақ тіпті мұның өзінде олар әлі күнге дейін жиі кездесуде.

Соңғы екі жарым жыл ішінде түрлі мемлекеттік органдардың 2 мыңнан астам қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзуы жұртшылық пен бизнестің шағымдарын тудырады.

«2016 жылдан бастап осындай фактілер бойынша 571 лауазымды тұлға жазаланды.

Қылмыстық-құқықтық құрамдасқа келетін болсақ, мұнда да жұмыс күшейеді.

2017 жылдан бастап ШОБ қызметіне заңсыз араласуға байланысты 400-ге жуық қылмыс тіркеліп, 119 адам сотталды. Тек биылғы жылы қылмыстық істер аясында 371 кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деп атап өтті МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары.

Ол сондай-ақ, Агенттік сыбайлас жемқорлықты сүйемелдеу ааясында бизнесті қорғауға бағытталған «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобасын іске қосуды бастамашылық еткендігін атап өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко айтуынша, жүргізілген талдау мемлекетті сатылап алулар мен бақылау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруда  бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл механизмінде «көлеңкелі» сызбалардың барын анықтады.

Тараптар табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы «көлеңкелі» сызбаларды анықтау бойынша жұмыс нәтижелерін таныстырып, Қазақстанның өңірлерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша ақпарат жиынтығын ұсынды.

«Ауыл шаруашылығында анықталған «сұр сызбалар» субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өндірісінің нақты көлемін асыра отырып, бюджет қаражатын ұрлаудың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барын көрсетті. Өкілетті тұлғалар кәсіпкерлердің егістіктер көлемін асырып көрсету өтінімдерін оң  шешу  бойынша қызмет көрсетеді», - деді ҰКП өкілі.

Елге ауыл шаруашылығы өнімін кіргізуге рұқсат беруде жалған құжаттар беру сынды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар болуы мүмкін. Нарықты бақылауға алған өкілетті тұлғалар кәсіпкерлермен байланысқа түсіп, белгілі бір сома үшін ветеринарлық-санитариялық талапқа сай келмейтін тауарды өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

Олег Савеленконың айтуынша, жалған құжаттарды жасау бойынша осығанұқсас мысал Оңтүстік Қазақстан облысында* тіркелген. ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкері жалған инвесторға 25 215 000 теңге көлемінде субсидия алуға көмектескен. ЖШС өкілі субсидия алуға қажетті барлық құжаттарды қолдан жасаған, ал ол құжаттарғаөкілетті тұлға қол қойған. Аталған сызбада қылмыс ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бас ревизорымен бірлесіп орындалып отыр.

Бұған қоса талдауда экология, құрылыс, сәулет, қала құрылысы, техникалық реттеу салалары бойынша көлеңкелі сызбалар анықталып отыр.

Іс-шара «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің Төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула, Агенттік орталық аппаратының, Ұлттық бюроның, бизнес өкілдерінің басшылық құрамы, бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

 Кездесу өңірлерді қосу арқылы бейнеконференция форматында өткізілді.

Похожее