С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы «Шаңғы-2019» облыстық сайысында 1 орын алды

19.02.2019

16 ақпанда Бобровка ауылында Жастар жылы аясында Өскемен ЖОО студенттері мен колледж оқушылары арасында ашық облыстық «Шаңғы-2019» сайысы өтті.

Сайысты ұйымдастырған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ болды.

Жарысқа ШҚМУ (студенттер мен түлектер), ШҚМУ Жоғары колледжі, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚАЕУ, Политехникалық колледж, ІТ колледж, ШҚМТК, ШҚГК командалары қатысты.

- Сіздерді Елбасы бастамасымен жарияланған Жастар жылы аясындағы «Шаңғы-2019» сайысының басталуымен құттықтаймын! Спорт – қозғалыс, денсаулық, табыс. Жарыстарды ашық деп жариялауға рұқсат беріңіздер, - деді қатысушыларға ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Қатысушыларды Өскемен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Атаев, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А. Толамисов та құттықтады.

Жалпыкомандлық есепте ШҚМУ командасы 1 орын алды, 2  орынды ҚАЕУ, 3 орынды ШҚГК командалары иеленді.

Екі шақырымдық қашықтықта қыздар арасында 1 орынды Ангелина Борисова (ҚАЕУ), 2 орынды Лариса Переверзева (ШҚГК), 3 орынды Дина Тузган (ШҚМУ) алды. 

Бес шақырымдық қашықтықта ұлдар арасында 1 орынды Талғат Закирьянов (ШҚМУ), 2 орынды Александр Мирошниченко (ШҚМУ), 3 орынды Мұрат Дәулетханов (ҚАЕУ) иеленді.

Жеңімпаздарды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген марапаттады.    

- Сайыстар өте жоғары деңгейде өтті, - деді спорт клубының төрағасы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бек Асылбеков.

Похожее