ШҚО-да Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды кампаниясы өз жұмысын бастады

13.05.2019

Шығыс Қазақстанның барлық қала және аудандарында «Nur Otan» партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау бойынша үгіт-насихат материалдары (ҮНМ) Сайлауалды үгіт кандидаттарды тіркеудің аяқталу сәтінен, яғни 11 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-дан басталды.

Айта кетсек, шығысқазақстандық эстрада жұлдыздары, спортшылар және танымал қоғам қайраткерлері үгіт-насихат шараларына белсенді қатысты. Айбек Нұғымаров, Мерей Қарт, Евгений Выблов сияқты халқына танымал азаматтар сайлаушыларды үміткерге дауыс беруге шақырды.

 

Ақпарат: ҮНМ сайлау науқанында үгіттеудің дәстүрлі және тиімді әдісі болып табылады. ҮНМ таратушылардың негізгі міндеті - үгіттеу кезеңінде сайлаушылардың барынша көп санын үгіттеу өнімдерімен қамту. Әрбір нақты елді мекенде листовкаларды жапсырудың негізгі орындарын өңірлік штаб басшылығы белгілейді.

Похожее